Соңғы 20 жылда астаналықтардың саны 4 есе, бала туу көрсеткіші 6 есеге дейін артып, қала халқының саны 1 миллионнан асты. Ал осы аралықта шаһар ішінде отырғызылған ағаштар саны да еселеп көбейіп, 2 миллионға жуықтаған. Бұл сандардан біз егілген ағаштар мен өсіп келе жатқан ұрпақтың өзара «достық бәсекеге» түскенін байқаймыз.
Астана қаласы әкімдігі қала ішіндегі гүлзарларға ерекше мән беріп келеді. Жыл сайын орта есеппен 7-10 миллион бір жылдық гүлдер өсіріледі.
Ал тұқым себу, суару, қопсыту, отау және тыңайту жұмыстарына жазды күндері орта есеппен 1700-ге жуық қызметкер жұмылдырылады.
«Декоративті фигуралардың сан түрін көргіңіз келсе, осы мекемеге қарасты «Президент бағы», «Арай» мен «Жерұйық» саябағын, «Қазақ елі» алаңы, «Ғашықтар» саябағы, «Ақорда» мен басқа да гүлзарларды аралап қайтсаңыздар болады», – дейді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, – мұндай көріністер жаздың жылы лебімен бірге адамды рақатқа бөлейді».
«Гүл егу маусымы аяқталған шақта қобыз, қалпақ, биші қыздар, бутсы мен доп, әтеш, піл пішіндес фигуралар қаланың әр жеріне орнатылады. Ал декоративті фигуралар жел мен күнге оңып кетпеуі үшін тыңайтқыштың түр-түрі пайдаланылады.
182 мың шаршы метр жерге гүл егілсе, 860 мың шаршы метрге газон мен 10 мың түп көшет отырғызылған. «Мұндай ауқымды жұмыстарды атқару үшін алдымен дизайнерлік жұмыстар жасалады, – дейді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев. – Соның арқасында бүгінде гүл өсірудің ұлттық нақыштағы дәстүрі қалыптасып келе жатыр».
Талапқа сәйкес бір шаршы метр жерге аз да емес, көп те емес 43 дана гүл егілуі тиіс. Одан бөлек гүлдердің арақашықтығы мен түр-түсіне қарай әр гүлдің өз орнында егілуі қатаң қадағаланады.
Гүлдер арнайы құтылардан өсіп шыққанға дейін бірнеше кезеңнен өтеді. Ең алдымен, алдағы маусымдарда егілетіндерінің орны мен аумағы анықталады. Одан кейін саны шығарылып, гүлдердің түр-түсі есепке алынады.
12 жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген Елубай Әбдіраш есімді азамат жұбайымен бірге Астананы көгалдандыруға атсалысып жүр. Күн сайын Астанадан 60 шақырым жердегі Шортанды ауылынан келіп жұмыс істейтін еңбекқор азаматы: «Бұл – еліміздегі бейбіт заман мен Астанамыздың күн өткен сайын ажарланып, көркейе түсуінің арқасы. Лайым, қуанышымыз ортаймасын!» – дейді.
Астана күні қарсаңында қала орталығында Ботаникалық саябақ та пайдалануға берілетін болады.
«Ботаникалық саябақты жасау идеясы Мемлекет Басшысына тиесілі. Сондықтан бұл аумақ тұрғындарға барынша қолайлы болуы шарт», – деді Астана әкімі Әсет Исекешов.
Жалпы аумағы 87 гектарға тең саябақтың Бас жоспарында 2 балалар алаңқайы, 20 тренажер, 2 футбол, 4 теннис, 4 волейбол және 2 баскетбол алаңы, 14,2 шақ. веложол, 18 аэродинамикалық субұрқақ пен WI-FI шашатын орындықтар қойылатын болады.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa