..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ойнақтаған от басар

1940 жыл. ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі бұл плакаттарда жыныстық ауруларды таратушы рухани азғындаған әйелдер бейнеленген. Сурет жауынгерлерге ескерту ретінде салынған.

1660 жылдары Англияға тараған обадан 100 мыңнан астам лондондық көз жұмды. Аурудан сақтану мақсатында құрбандардың есігіне «оба белгісін» қойып: «Құдай бізді кешірсін», – деп жазып кететін болған.

Содан бері қоғам денсаулығына назар күшейе берді. «Графикалық дизайн өміріңізді сақтай ала ма?» атты кітабында Люсьен Робертс пен Ребекка Райт қоғамдық  денсаулық насихаты қалай жүргенін сараптайды. Робертстің айтуынша, ХІХ ғасыр­да БАҚ, медицина ғылымы және графикалық дизайн қауіпті кесел жөнінде адамдарға ақпар беруде белсенді болды. АҚШ-та туберкулез дертінен сақтануға үндейтін бір ғана плакат алғашқы ауқымды санитарлық-ағарту науқанына «шабыт» берді. Нәтижесінде, 1900-1940 жылдар аралығында өлім-жітім саны үздіксіз төмендеп отырыпты.

1991 жыл. Көптеген АИТВ және ЖИТС плакатындағы суреттердің салмағы басым. Кеселді қалай жұқтырмауға болатынын үйрете отырып, бойдағы үрей мен қоғамдық айыптауды басуға тырысады.

Дүниежүзілік соғыстар кезінде де жыныстық жолмен тарайтын ауруларға қарсы науқандар болды. Мәселен, І Дүниежүзілік соғысы кезіндегі плакаттар жауынгерлерді азғындамауға шақырса, ІІ Дүниежүзілік соғысы кезінде сөздер нақтылана түсті: «Егер венерологиялық кеселге шалдықсаңыз, Берлин мен Римді жеңе алмайсыз!». Американың бір плакатында осындай ойландыратын тіркес жазылды. Ал 1980 жылдардан бастап плакаттар мүшеқап қолдануды насихаттады.

Робертстің айтуынша, қоғам денсаулығы мен дизайн арасында тікелей байланыс бар. Ұлыбритания­ның бірқатар ауруханалары жедел жәрдем бөлмелерін адамдардың ақпаратты қабылдау қасиетін ескере отырып жабдықтаған. Нәтижесінде, емхана бөлмелеріндегі ауыр жағдай 50 пайызға қысқарыпты.

2017 жыл. «Zika + honeymoon» деп іздесеңіз Google жүз мыңдаған ақпарат табады. Болашақта неке жүзігімен тағдыр қосқысы келетіндер дұрыс және жан-жақты жыныстық мәлімет алу үшін Аризона денсаулық сақтау департаментінің сайтына тұрақты түрде кіріп тұрады.

ФОТО: ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА КІТАПХАНАСЫ; АҚШ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ; АРИЗОНА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Авторы: Наташа Дэйли


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля