..."/>
САЯХАТ

Құм жұтқан – Сауран

Шымкент-Самара күрежолының Түркістан мен Қызылорда облысының шекаралары бөлінер бөлігінде кезінде жермен-жексен болған – іргетасы IX қаланған Сауран қаласының орнын көруге болады.

Бұл қаланың Отырар, Сайрам мен Сығанақ секілді көне шаһарлардан басты ерекшелігі – осы күнге дейін тек Сауранның ғана қабырғалары сақталып қалған. Ол қала Отырардың солтүстігінде төселген темір жол бойында орналасқан.

Тарихшылардың айтуынша, Х ғасырда өмір сүрген арабтың географ-ғалымы Мақсиди әл-Муттахар Тахир өзінің «Дүниенің басталуы мен тарихы» деген еңбегінде «Сауран жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның ішінде күмбезді сарайы мен мешіт те бар» деп сипаттаса, араб саяхатшысы Ибн-Хаукал: «мұнда ғұздар уақытша бітім, бейбітшілік кездерде сауда келісімдерін жүргізуге жиналды» деп жазған екен.

Ал елімізге белгілі жазушы Дүкенбай Досжан өзінің зерттеу мақаласында былай деген: «Қаланы алты мұнарлы үлкен қорған қоршап тұрған екен. Қорған саз балшықтан, кей жері күйдірген қыштан өріліпті. Әр мұнарада қарауыл қарайтын күмбез, жауға оқ ататын тесіктер бар. Осы белгілер Сауран қаласының негізігі міндеті – ел күзету, басқыншы жауға бірінші тосқауыл болу екенін байқауға болады. Қорған төрт бұрышты етіп салынған. Қалаға кірер қақпа мен шығар қақпа бір-біріне тұспа-тұс орнатылған».

Сауран қаласы Қазақ КСР Министр­лер Кеңесінің 1982 жылғы 26-қаң­тардағы Қаулысымен республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіштер қатарына енген.

 Фото: Дмитрий Ругис

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля