АҚШ-та төрт негізгі демографиялық топ – азиялық, латын-америкалық, ақ және қара нәсілділердің әлеуметтік жағдайы әрқилы, болашақта бұл мәселе ушыға түсуі де ғажап емес. Мәселен, қара нәсілділер мен латын-америкалықтың жалақылары ақ нәсілділер мен азиялықтарға қарағанда төмен. Жалақының жетіспеушілігінен, көбінде олар балаларының оқу ақысын төлеуге қиналады. Тиісінше, жоғарғы білім ала алмағандар жоғарғы лауазымды да иемдене алмайды.
ҚАРАЖАТ
Ақ нәсілділер мен азиялықтарға қарағанда, қара және латын-америкалық тұрғындар арасында жарлылық екі есе көп. Бұған жұмыссыздық пен жалақы факторының ықпалы зор.
БІЛІМ БЕРУ
Азиялықтар мен ақтарға қарағанда қара нәсілділер мен латын-америкалықтар арасында жоғарғы білім иелері сирек. ЖОО-ға түсу бойынша да азиялықтар көштің басында тұр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Қара нәсілділер сәби өлімі бойынша ең жоғарғы, өмір сүру ұзақты бойынша ең соңғы орында. Қаралардың қант диабетіне шалдығу деңгейі латын-америкалықтармен бірдей.
Латын-америкалықтар нәсілдер категориясы (ақ, қара және азиаттық) кірмейді. Латын-америкалық тарға барлық испан тілді нәсіл жатады.
МОНИКА СЕРРАНО, NATIONAL GEOGRAPHIC ҚЫЗМЕТКЕРІ, КЕЛСИ НОВАКОВСКИЙ. ДЕРЕККӨЗДЕР: ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ СТАТИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ, ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ, АҚШ ЕҢБЕК СТАТИСТИКАЛЫҚ БЮРОСЫ, АҚШ-тың САНАҚ БЮРОСЫ, ҰЛТТЫҚ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ОРТАЛЫҒЫ, PEW ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ, АМЕРИКАЛЫҚ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ, АҚШ-тың ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ.
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa