Сирек кітаптардың қорғаушысы баға жетпес ұлттық қазынаны терең ұғына алатындай сабырлы, қырағы әрі батыл болуы шарт. Кітапты көрмеге қоярда, не саяси ант қабылдауға қолданарда ол Ясмин Ханның қолынан өтеді. Ясмин – Конгресс кітапханасындағы сирек туындыларды қорғаушы 10 кітапханашының бірі. Ол кітап беттерін желімдеп, түптеп не кітапты толығымен қайта құрастырып шығады. Жаңартылуы қажет кітаптарды толығымен жөндеп шығу айлар бойы жалғасатын қажырлы еңбек.
- Бөлгіш. Өлшемдерді бір беттен келесі бетке сызғышсыз-ақ көшіретін құрал.
- Жылтыратушы лазурит. Қағазды өңдеу үшін қолданылатын дәстүрлі агат минералы. Бұл тас Пәкстандағы бір базардан сатып алынған.
- Ине мен жіп. Майысқан ине мен ағартылмайтын Ирландия матасының жібі кітап тарауын тігуге қолданылады (бұл кітап Томас Джеффорсонға тиесілі болған).
- Қалақшалар. Жұқа қалақшалар – желімдерді қырып алатын құрал.
- Тік бұрышты үшбұрыш. Тат баспайтын қола және мыс үшбұрыштар былғары мен матаны кесуге қолданылады.
- Балға. Ескі кітаптардың пішіні бұзылған түптері балғаның көмегімен қайта қалпына келтіріледі.
- Сүйек қалталар. Бамбук қалталар (солдағы) желімдерді ақырын қырып, тат баспайтын болат (ортадағы) матаны бұрыштарға тығады және қағазды ақырын сырғытады.
- Зімбір ыдыс. Арнайы ыдыста жасалған бидай езбесін жұқа қағазға жағып, беттерді жамайды.
- Шөтке. Шөткелер желімді кітап беттеріне әрі мұқабаларына жағады.
- Пышақтар. Бұл пышақтар теріні жұқалап кесе алады. Астыңғы пышақ болаттан жасалды.
Авторы: Нина Строчлик, фото: Марк Тизен
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.