Мэнди Баркердің теңіз бен құстардың асқазанынан шыққан қоқыстардан жасаған жұмысы терең ой салады.
Фотограф Мэнди Баркер бала кезінде ұлу терген Англия жағалауына барғанында үйілген пластик қалдықтар арасынан баланың көлік орындығын тауып алды. Тағы бір байқағаны адамдарда «жағалау қоқысқа батып жатыр-ау» деген уайым жоқ секілді.
Сондықтан ол пластик қалдықтарын тере жүріп фотоға түсірді. «Мен резонанс тудыратын нәрсе жасағым келді», – дейді ол.
Бұл пластиктердің таралуы мен жер-жерге шашылуын көрсететін фотожобалар тізбегіне әкелді.
Ол жобаларын теңіз ғалымдарымен бірге жасайды. Оның айтуынша, бұл фотолар ғылымға «визуалды үн» береді. Ғылыми басылымдар пластиктің табиғатқа кесірін дәл осыншалық әсермен жеткізе алмайды. Баркер полюстерден экваторға дейін, теңіз бетінен мұхит түбіне дейін әлемде ешбір жер пластиктен таза емес екенін жан-тәнімен сезінеді. Ол өмірінің қалған бөлігін осыны сезінумен өткізгісі келеді.
Авторы: Наташа Дэйли