..."/>
БЕЗ РУБРИКИ

Ғарыштан түскен ғажайып

Бұл музей жайлы маған өзім ерекше құрметтейтін әріптесім, отандық ғарыш саласын бір кісідей жазып жүрген журналист Сара Қабиқызы айтқан еді.

Мына бөлменің ішінде не жоқ дейсіз? Шағын сөрелердегі көне жәдігерлер ҒАРЫШ ДӘУІРІНІҢ адамзат өмірін қалай өзгеріске түсіргенін көрсететіндей. Электромагниттік толқындар Жаратқанның адам баласына жасырын жіберген сыйы ма дерсің… ХІХ ғасырдың соңында сол толқындар арқылы белгілі бір қашықтыққа сигнал жеткізуге болатындығы алғаш анықталған еді. Арада санаулы ғана жылдардан соң технология саласындағы дүмпулі ашылыстар бірінен соң бірі өмірге келіп жатты. Осылайша, мына суретте көрсетілген радио хабар тарату құрылғылары пайда болды. Алғашқы радио, патефондарға қарасаңыз, дизайнының өзі ерекше безендірілетін, тіпті үй жиһазына ұқсап кетеді. Сөрелер арасындағы бағанда ілініп тұрған ұялы телефонның «арғы тегі» саналатын рация тәріздес беймәлім аспапты, рацияларды аударып-төңкеріп, айналсоқтап жүре бергің келеді. Бұл жер технологиялық эволюцияның шежіресі іспетті. Содан бері осы құрылғылар көптеген революциялық өзгерісті­ басынан өткізіп, қолымыздағы айфонға дейін түрленді. Прогресс, әлбетте, бұнымен тоқтамақ емес. Ал ғарыш саласы мамандарынсыз бұл өзгерістердің бірі де жүзеге аспайтынын қапелімде естен шығарып алған жоқсыз ба?..

«Біздің жұмысымызды көбі түсіне бермейді, сондықтан осы заттарды көрсету арқылы адамдарға ой салғымыз келеді. Музей ашу идея­сын орталығымызды ұзақ жыл басқарып, үлкен жетістікке жеткізген білікті азамат Виктор Лефтер айтқан еді, сол кісінің бастамасымен алғашқы жәдігерлер жиналды. Біразын елдегі, шетелдердегі әріптестеріміз сыйға тартты. Әлі де беру үстінде», – дейді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министр­лігінің Аэроғарыш комитетіне қарасты «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» ҚАӨМ АҚ президенті Бауыржан Құдабаев.

Бұл музей осы орталық ғимаратында орналасқан. Реті келгенде айта кету керек, «ҚазSAT-2», «ҚазSAT-3» жерсеріктерімен арадағы байланысқа дәл осы кәсіпорын жауап береді.

Қазір жәдігерлер қоры едәуір толығып, келіп көруге тұрарлық орынға айналған екен. Жаңа қызметкерлердің шағын ғана бөлмеге үлкен жауапкершілікпен қарап, ұқыптап ұстап отырғанын көрдік. Дәстүр сабақтастығы деген осы болар.

Авторы Мақсат Ясылбайұлы, фото Жайнар Дәркембаев, Аркадий Глазунов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля