..."/>
САЯХАТ

Ұлттың қаймағы сақталған құт мекен

Еліміздің терең тамырлы тарихында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысының алар орны ерекше. Өзінің пайда болып, қалыптасуында Түркістан облысының – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекені ғана емес, сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы, орда жұрты болған.

Сол киелі мекен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен облыс орталығы болып жарияланған бойда дамудың жаңа даңғыл жолына түсті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мәдениеті мен әдебиеті, тілі мен демографиялық ахуалын жақсартуда бұл аймақтың қосып отырған үлесі зор.

Қазіргі Түркістан облысы тұрғындар саны жағынан Алматы облысына (2,017 млн) ғана есе жіберіп алғаны болмаса, бала туу және халқының  орналасу тығыздығы (1 км²-ге 17 адамнан келеді) жағынан көшбасшы орнын сақтап қала алды. Облыс орталығы Шымкент қаласы болып тұрған шақта тіркеуде 2,6 млн адам болған.

ҚР Статистика комитеті таратқан мәліметке қарағанда, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында республика бойынша әрбір 7-ші туылған бала (26 103 нәресте) Түркістан облысында дүниеге келген. Бұл осы айлар аралығында Атырау, Павлодар, СҚО мен Қостанай облысында туған нәрестелер санымен пара-пар. Бүгінде Түркістан облысының тұрғындар саны (1,6 млн) республика халқының 10,7 пайызын құрап отыр.

Облыстың негізі 1932 жылдың 10 наурызында қаланды. 1962 жылдың 3 мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталса, 1992 жылы облысқа бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды. Ал 2018 жылы 19 маусымда Түркістан облысы деп өзгертілді.

Фото: Сәрсенбек Қызайбекұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля