Әсіресе патшайым құмырсқа болсаң. Жұбын жиі ауыстыратын олар иммундық жүйесін жыныстық қатынасқа түсу арқылы күшейтіп отырады.
Бактерия немесе вирустың аздаған дозасын жұқтырып алған ағза келешекте дәл сол патогенді ағзаға төтеп бере алуы керек. Мұны «иммундық жады» деп атайды. Омыртқасыздардың иммундық жадысын зерттеу үшін швейцариялық ғалымдар панамалық әріптестерімен бірігіп екі жәндіктің түрін таңдаған: 20 жылдан астам уақыт өмір сүретін Lasius niger (төменде) және Formica selysi патшайым құмырсқалары. Әр топтың патшайымдары екі топқа жіктелген: жас әрі пәк «ханшайымдар» және аталықпен жұптасып, «шәуетін қалтасында» сақтап, осы «қордан» көзі тірісінде он миллиондаған жұмыртқа басып шығаратын патшайымдар.
Ғалымдар жәндіктерді бір аптаның ішінде жойып жібере алатын саңырауқұлақтарды өсіріп шығарды. Олар, алдымен, аз дозасын әр патшайым құмырсқаға беріп көрді, ал бір аптадан соң күшті дозасын берді. Ғалымдар аман қалғандарға қарап, иммундық жады процесінен иммунитетін күшейткен жалғыз L.niger тобындағы жұптасқан патшайымдар екенін анықтады. Қос топта да пәк ханшайымдарға қарағанда жұптасқандары саңырауқұлақ уына төтеп бере алған.
Зерттеу патшайымның аталықтармен жұптасуы оның «иммундық жүйесін күшейткенін көрсеткен».
ТАРАЛУ АЙМАҒЫ
Қара бақша құмырсқасы (Lasius niger) Еуропа, солтүстік Америка мен Азияны мекендейді. Олардың илеулерін кез келген жерден кездестіруге болады.
БАСҚА ДЕРЕКТЕР
Қара бақша құмырсқалары азық іздеп сарсылмайды, өз азықтарын өздері өсіретіндігімен ерекшеленеді. Олар көбіне құмырсқалар тұтынатын «шіре бал» деп аталатын затты бөлетін бітелерге жақын жерлерді мекендейді. Құмырсқалар бітелерді «антенналарының» көмегімен құлатады да, балды «сауып алады».
Авторы: Патрисия Эдмондс
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa