..."/>
САЯХАТ

Сусылдаған СУ-30 СМ

Талдықорған қаласындағы 21751 әскери бөліміне кіру әсте оңай емес. Себебі мұнда Әскери әуе күштерінің арнайы құрамы шоғырланған. Ережеге сәйкес, құжаттарымыз бен аудио, фото-видео техникаларымыз мұқият тексерілген соң, ішке кіруге рұқсат алдық. Бөлім командирінің орынбасары подполковник Бекболат Жұмабаев бізді өзі бастап алып жүрді. Темірдей тәртіп, суық қабақ, бір қарағанда, адамды аздап қобалжытып қоятын секілді, бірақ сенімділік те береді.

Алдымыздан шыққан әскерилерге бірден Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен түсірілім жасау­­ға келісіміміз бар екенін, «National Geographic» журналынан екенімізді айтып жатырмыз. Қалжыңбастау бір офицер: «Сіздер жан-жануарларды түсіруші едіңіздер ғой, әскери техникалар арасында неғып жүрсіздер», –  деп қояды. «Сіздерде птерозавр секілді бір сирек құс бар екен «Су-30 СМ» деген, соны көрсек деп едік», – дедік біз де қарап тұрмай. Бәрі ду күлді. Ары қарай әңгімеміз жарасып сала берді.

Бір байқағанымыз, бөлім ішінде жауынгерлік рух беретін «Ұлы дала әскері – Мәңгілік ел тірегі», «Батырлар дәстүрін жалғастырамыз», «Қазақстан көгінің тыныштығы – сенімді қолда!» секілді қанатты сөздер көп жазылған екен.

Түсірілім барысында Су-30 СМ-нің алғашқы ұшқыштарының бірі – 21751 әскери бөлімінің командирі Ізбасов Асқар Ғадылшаұлымен жолығып, сұхбаттасудың да реті келді.

Жалғасын журнал қосымшасынан оқи аласыздар.

Мәтін және фото: Мақсат Ясылбайұлы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля