Бұрынғы ғарышкер Скотт Келли «Әулие Патрик» күнінен басқа америкалық мерекелердің бәрін ғарышта өткізіпті. Ол Халықаралық ғарыш стансасында соңы рет 2015 жылғы наурыздың соңынан 2016 жылғы наурызға дейін болды. Оның миссиясы – ғарышта ұзақ мерзімде болған адам денесі қандай биологиялық өзгеріске ұшырайтындығын зерттеп, Марсқа сапар шегер адам үлгісін жасап шығару. Бірақ ол жерге бір жылдың ішінде қайта оралды. Бұл – Келлидің 1999 және 2016 жылдар аралығында Орбитада өткізген төрт ұзақ сапарының бірі.
Ғарышта уақыт өзгеше жылдамдықпен өтеді. Әр 90 минут сайын жер жүзін бір айналып шығып жүргенде «бір күн» деген ұғымның мағынасын айту қиын. Әрбір өткен 24 сағат бір-бірінен айнымайды. Оның жаңа «Endurance: A Year in Space, A Life time of Discovery» кітабында ғарышта өткен бар уақытын қосқандағы 520 күнінің жолжазбасы жазылған.
Бірақ топ мүшелері үлкен мерекелер кезінде «Орбитаның» қара тыныштығын бұзып, бір марқайып қалады. 2015 жылы Алғыс айту күнін америкалық ғарышкерлер күркетауықтың суық етімен тойлады. Рождество кешінде Келли Жердің үстінен түсірілген фотомен твиттерде бөлісті. АҚШ, Италия, Жапония және Ұлыбритания ғарыш агенттіктерінің өкілдері бар жерде ондай мерекелер көбейіп кететін еді.
Әйтсе де, онда бір ерекшелік бар. «Жаңа жыл – ғарыш стансасында Рождествоға қарағанда мерейлі. Себебі оны бүкіл халық бір күнде тойлайды», – дейді Келли. Ол жерге қарап, ондағы кішкене жарық ноқаттар – фейерверктерді көргенін еске алады.
«ЖАҢА ЖЫЛ – ҒАРЫШ СТАНСАСЫНДА РОЖДЕСТВОҒА ҚАРАҒАНДА МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ, СЕБЕБІ ОНЫ БҮКІЛ ХАЛЫҚ БІР КҮНДЕ ТОЙЛАЙДЫ» СКОТТ КЕЛЛИ, ҒАРЫШКЕР
АВТОРЫ: ДЭНИЕЛЬ СТОУН, ФОТО: НАСА; СКОТТ КЕЛЛИ
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa