..."/>
ЗЕРТТЕУ

Өлсе де «тірі»

Таксидермия сужүрек айналысатын іс емес. Өнердің бұл түрі жануарлардың қаңқаларын аралау, қыру, құлақ пен басқа жерлерін бөлшектеу секілді тұлып құрастыру процесінен тұрады. Алынған тері күйдіріліп, манекенге кигізіліп, тігіледі. Мақсат – жануарды тірі кезіндегідей қаз қалпында сақтау. Лос-Анжелес округіндегі Ұлттық тарих музейінің таксидермисі Тимофей Бовард көптеген жануарға осылай «жан бітірген». Алайда, өзінің айтуынша, кейбіреулеріне тиіспейді. «Өзімнің үй жануарларыммен олай істемеймін», – дейді ол.

  1. Қыру пышағы. Дайындық жануардың терісін кейде қыру пышағы не ет кесетін машинамен жұқартудан басталады.
  2. Егеуіштер. Көбікті манекеннің бұлшық еттерімен бірге басқа да анатомиясын жасауға егеуіштер пайдаланылады.
  3. Болат қайрақ. Пышақтың жүзін өткірлеу үшін керек.
  4. Жалған көз алмасы. Шыны көздер бұрынғыдан да шынайы көрінеді.
  5. Мүсіндеу құралдары. Кей таксидермистер жануардың терісімен қапталған көбікті манекенге пішін беру үшін саз қолданады.
  6. Штангенциркуль. Үлгі не мүсіннің дене бөліктерін өлшеу құралы.
  7. Қайқы пышақ. Терідегі ет пен майды сылып алу құралы.
  8. Іскек пен тегістеу құр. Қауырсынды тазалау сияқты мұқият орындалатын жұмысқа шағын құралдар мен ептілік керек.
  9. Қайшы. Көздерді оңай шұқып алу үшін әрі қиын тұстарға жету үшін үлкен қайшы керек.
  10. Үлгі. Қызыл тәжді тотықұс құрастыруға дайын.
  11. Аэрограф. Жалаңаш теріні бояуға қолданылады.
  12. Шаш қыстырғыш.Құс кепкен кезде қауырсындарын ұстап тұру үшін қажет.
  13. Тазартуға арналған пышақтар. Мұндай пышақтар – сылуға, құлақтың ішін сыртына айналдыруға, ерінді тілуге таптырмас дүние.

Авторы: Катерина Цукерман, Фото: Марк Тиссен


Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля