Цитрус секілді жеміс жоқ. Оңтүстік және Шығыс Азияда цитрон, грейпфрут және мандарин секілді цитрусты жеміс түрлері жиі өседі. Осы үш жеміс пен көпшілікке беймәлім тағы бірнеше түр мутацияға ұшырауға бейім келеді. Және сирек ұшырасатын генетикалық құбылысқа ие.
Яғни, олардың тұқымдары өздігінен де, ғалымдардың араласуымен де будандаса береді. Сіз дәмін татқан апельсин, лимон, лайм мен грейпфрут тұмса табиғатта өздігінен тозаңданса, ал бақтарда сұрыпты будандастырылады.
Еш жеміс осындай ерекше асыл тұқымдылығымен мақтана алмайды. Заманауи зерттеу цитрустың шығу тегін айқындап жатыр, пайда болғанына әлі 300 жыл да тола қоймаған грейпфрут – адамның қолымен жасалған туынды. Ал жалпы цитрусты жемістердің бірқатары ежелден бар. 2013 жылы Қытайдың Юнин провинциясында тасқа айналған күйі табылған цитрус жапырағы, Миоцен дәуірінен, яғни жеті млн. жыл бұрын да бар болғанын көрсетеді. Алайда адам баласы бұл әлемге үлкен дағдарыс алып келді. Мыңдаған жабайы түрден тек кіндікті апельсин, эврика лимоны және мексика лаймы секілді ондаған түрі ғана қалды. Ал олардың құрылымында тек бір пайыз ғана цитрус бар.
«Цитруста ерекше сүйкімділік, еркелік, тіпті тартымдылық та бар, – дейді жеміс зерттеушісі Дэвид Карп (Ғылыми жұмысы оң жақтағы суретте сипатталады). – Хуанглонгбинг деген ағаштың өсуін тежейтін бактериялық ауру сауданы барлық жерде азайтты, тіпті апельсинімен әйгілі Флориданы да сау қалдырмады. Десек те, болашақта цитрус жемістерінің түрлері бүгінгіден де көп болатын секілді». Сұрыптаушы әрі генетик Фред Гмиттер: «Цитрус бәсекеге қабілетті», – дейді. Жаһан ғалымдары тәттірек, сүйексіз, аршуға жеңіл мандарин, апельсиндерді бәсекеге төтеп бере алатындай етіп дамытып жатыр. Болашақта сіздер бұрын-соңды көрмеген жаңа жеміс түрлерінің дәмін татуыңыз мүмкін.
Жемістің шығу тегі: Ғалымдар бұрынғы және қазіргі генетикалық зерттеулерді қолданып цитрус тұқымдастардың шығу тегін анықтады.
Авторы: Даниел Стоун
МОНИКА СЕРРАНО, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ, ДЕРЕККӨЗ: ДЭЙВИД КАРП, КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ, РИВЕРСАЙД