Швейцарияның Альпі шыңдарының арасынан тартылған арқан үстінен жүріп өткен жан.
ЖОСПАРДАН БІР АПТА БҰРЫН
Көру сызығын анықтау
Бірнеше жылын Швейцария тауларының параллель әктас шыңдарына өрмелеп шығуға арнаған фотограф Томас Ульрих пен альпинист Стефан Зигрист енді сол екі шыңның ортасынан жүріп өтпекке бел буды. Бас айналдырар биіктікте ойдағыдай жүріп өтуге үш түрлі фактор әсер етеді: зейін, тепе-теңдік, биіктік. Арқан қос шыңның арасынан түзу тартылғандықтан Зигристке балансты сақтау үшін зейінін түйіндейтін нүкте жоқ. «Алдыңа қарасаң, ауадан басқа ештеңе көрінбейді», – дейді Зигрист. Осы кемшілікті түзеу үшін нысана ретінде шыңға ашық түсті рюкзак қойылды.
ЖОСПАРДАН БІР КҮН БҰРЫН
Қажетті дайындықтар
Фуникулер вагоны Зигрист пен Ульрихті таудың шыңы Шилтхорнға дейінгі жолдың жартысына дейін апарды. Олар қос шыңға өрмелеп шығып, арасынан арқан тарту үшін екеуіне де қазық қақты. Қазықтар арқанның үстінде адам жүре алатындай кернеулі әрі қауіпсіз болуы қажет. Қажетті заттар тізімі:
ЖОСПАРДАН АЛТЫ САҒАТ БҰРЫН
Жолға шығуға дайынбыз
Жауын жауса, синтетикалық талшық тайғанақ болып кетеді. Абырой болғанда қыркүйектің таңы жеңіл тұманға ғана оранып тұр. Ульрич суретке әдемілеп түсіру үшін жақын маңдағы шыңға жайғасты, ал Зигрист денесін қыздырып, арқан кернеуді сынау үшін бір-екі қадам жасап көрді. Алғашқы қадам – ең қауіптісі. Ерте құласаңыз, жартасқа ұрынуыңыз мүмкін. «Үш қадамнан соң терең дем алсаңыз немесе ойыңызды арқанға аударсаңыз болады, – дейді Зигрист, – басы сәтті басталса, жолды жалғастыру жеңіл болады».
Сандар сөйлесін
Шилтхорнның биіктігі – 2970 метр
Арқанның қалыңдығы – 2.5 сантиметр
Екі шыңның арасындағы қашықтық – 20 метр
Авторы: Нина Строчлик, Фото: Томас Ульрих
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa