Колумбия жоғарғы мектептеріндегі бағдарлама жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу үшін аса қажетті сәби-роботтарды қолданады.
Джэфрин Байона мектепке кешігуде, ал уақыт болса таңғы 6-дан кеткен. «Өткен түні көз ілгем жоқ, – дейді 15 жастағы студент, – «сәбиім» мені түнгі 10 мен 12, таңғы төртте оятты». Солтүстік-шығыс Колумбияның ауылды аймақтарында сабақ ерте басталады. Джэфрин ыстық шоколадты ұрттап тұрып, арасында қолын шаршаған жүзіне қарай созады. Сәбиі Эстивен қойылған балаға арналған себетінде үн-түнсіз отыр.
Бақытына орай, Джэфрин үшін ерте әкелік тәжірибесі бүгін аяқталады. Ол жасөспірімдер жүктілігінің алдын алу мақсатындағы ауқымды бағдарламаға қатысуда. Эстивен – шын мәнінде, бір айлық шақалақтың қажеттілігін көрсету үшін жасалған робот-нәресте. «Сәби» тамақтандыру, кекірту, жаялығын ауыстыруға студенттерді «шақыру» үшін күні-түні белгілі уақыт аралығында жылайды. Әр әрекет бақыланады, жазылады және оқушылардың қалай әрекет ететіні бағаланады. Ұзақ уақыт қараусыз қалған «сәби» өшіп қалады да, оқушының бағасына ықпал етеді.
Джэфрин 48 сағат «нәрестеге» қамқор болды, әдеттегі елгезек және көңілді жеткіншектің сілікпесі шықты. Ол мектепке келіп, «сәбиді» келесі екі күнге сыныптасы және сәбидің анасы деп белгіленген 15 жастағы Александра Гэррейроға тапсырды.
Әлем бойынша жүктілік кезінде денсаулығына төнетін қатермен және өзін ғана емес, отбасын да тығырыққа тіреп, жыл сайын 17 миллионға тарта жасөспірім дүниеге бала әкеледі.
Жас аналардың білім алу және жетілу жайлы армандары жиі бұзылады. Латын Америкасы әлемде жеткіншектер жүктілігі жөнінен алғашқы үштікте тұр. Әлем бойынша соңғы он жылдықта бұл көрсеткіш төмендеді, бірақ мұндағы төмендеу қарқыны өзге аймақтарға қарағанда тым бәсең. Әсіресе кедей ауыл жастарының арасында ерте жүктілік қаупі өте жоғары. Колумбияда бес ананың біреуі –15 пен 19 жас аралығында.
Сондықтан біз Колумбияның Тэйм шағын қалашығындағы мемлекеттік мектепке келдік. Джэфрин, Александра және олардың 9-сыныпта оқитын 100 сыныптасы ата-аналарымен бірге осы бағдарламаға жазылуға келісті. Мақсаттары – ерте жүктіліктің алдын алу. Оған қоса, қуыршақ сәбимен екі күндік жаттығу кезінде оқушылар негізгі жыныстық тәрбие мен контрацептив қолданудан бастап, гендерлік стереотип пен оның рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасылық бюджетті талқылауға дейінгі тақырыптарда 30 сағаттық дәріс алды. Сол бойынша ақтық сынақ тапсырып, эссе жазуы немесе сәби күтудегі тәжірибесі туралы видео түсіруі керек болды.
«Жыныстық тәрбие мен нәресте бағуға икемдеу, екеуі де маңызды: бірін-бірі толықтырады», – дейді Колумбиядағы «Bebé? Piénsalo Bien!» немесе «Нәресте? Ойлан!» бағдарламасының директоры Камила Гусман.
Робот нәрестелер 20 жылдан аса уақыт бұрын АҚШ-та ойлап табылды және бұл бағдарлама әлем бойынша іске асырылып келеді. Алайда оның құны салыстырмалы түрде қымбат – Колумбияда бір оқушы үшін 100 АҚШ долларынан асады және бірнеше нұсқаушыны қажет етеді. Дегенмен ол өз тиімділігін дәлелдеді. 1400-ден астам оқушы қатысқан Колумбия аймақтарының бірінде бағдарлама көмегімен жасөспірімдер жүктілігі 40%-ға төмендеген.
Колледжде инженерлік білім алуды жоспарлап жүрген Александра бір апталық курстан кейін: «Нағыз актриса болғым келеді», – деп ана болуды кейінге қалдыратынын мойындады. «Менің қазір бала сүйгім келмейді. Оны бағып-қағатындай мүмкіндігім жоқ, – дейді ол, – оқуымды аяқтаған соң, 25 не 26 жасқа қарай болмаса…».
Авторы: Дэвид Бриндли, фото: Кристиан Родригес
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa