Рут Метзель жоғалып кету қауіпіндегі экожүйені сақтап қалудың жолын тапқан сияқты. Ол үшін Рут сол аймақта тұратын адамдармен тығыз қарым-қатынас құрмақ. Эколог он жыл бойы тропикалық құрғақ ормандардың арасында жоғалып кету қаупі ең жоғары Панаманың Лос-Сантос провинциясының тропикалық ормандарын зерттеді. Ол елдің жаппай мал жаю әрекетінің орманға залалын тигізіп жатқанына куә болды.
Асуэро жер жобасының негізін қалаушылардың бірі – Метзель орман экожүйесіне тәуелді адамдарды онымен қалай гармонияда өмір сүруге болатынын көрсетуді алдына мақсат етіп қойған. «Басты нәрсе, – дейді ол, – сол маңды мекендейтін адамдарға ойымызды дұрыс жеткізе білу». Іріқара бақташыларымен бірге жұмыс істеп, қай жерге жергілікті не жеміс ағашын отырғызу керектігін сұрастырсақ, ағаштар орманды жаңартып, жойылып кету алдында тұрған маймыл мен аймақтың тұмса ортасын сақтап қалады. Ол жерге 2017 жылдан бері 5000 ағаш отырғызылды.
Асуэро ісін қолдап, Панаманың артизандарына шөп пен өсімдік тұқымы, сондай-ақ қолөнерге пайдаланылатын өзге де материалдарды мұқият өндіруді үйрету үшін Метзельге NG қоғамының гранты берілді. Экожүйені қорғаудың жолы – осы!
Авторы: Лори Кусберт, фото: Ребекка Хейл
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationa