Қолдан бұлт жасаудың шебері Бернднаут Смилде өз туындысы үшін ерекше орын таңдайды. Мына жерде ол Қытайдың Шанхай Гималай музейінде түтін мен бу аппараты көмегімен бұлт тудырды.
Бернднаут Смилденің заманауи сиқыры. Мен сені ақ-ұлпа, ешкімнің колы жетпейтін, әдемі, әдемі ақ бұлттан жасап алғанмын…
Бернднаут Смилде қолдан бұлт жасаудың шебері. Даниялық суретшінің «сиқыры» көп дегенде он секунд ғұмыр кешіп, ғайып болады.
Смилденің «Сәуле жиек» деп аталатын жобасында бұлттың визуалдық эффектісі зерттеу тақырыбы б.т. Қамал не каньон көрінісі үшін бұлт қандай үйреншікті болса, шіркеу не музей ішінде түзілген бұлт сондай ерекше көрінетіні сөзсіз.
Смилде бұлтының сыры түтін мен су буы ғана. Оның пайда болып, бірден жерге түсіп кетпесі үшін салқын, дымқыл әрі ауа циркуляциясынан ада кеңістік қажет. Ауаны ылғалдандыру үшін кеңістік ішінде ол спреймен су шашып, артынша ұсақ бөлшектер шашатын түтін аппаратын іске қосады. Бу осы бөлшектер айналасында конденсацияланады.
Смилде түзілген бұлтты айнала жүгіріп, оны ұзындығы алты метр, биіктігі екі метр пішінге енгізеді. Сосын ол фотограф бірнеше кадр жасай алатындай қашықтыққа кері шегінеді. Ауа сейілген кезде ол нәтижесі көңілінен шыққанға дейін осы процесті он шақты мәрте қайталайды.
Көпшілік «тропосфералық сиқыр» деп атап кеткен бұл өнері үшін Смилде шақыртуларды жиі алады. Оның айтуынша, бұл жоба оған суретші ретінде әлдебір жаңа шабыт ұсынатын дүние әрі бұл тың кадр жасаудың қамы ғана. «Сиқыр бұлттың пайда болуында емес, гәп оның тек бір сәтке ғана көзге көрініп, артынша мәңгілікке жоқ болып кетуінде, – дейді ол. – Әр туынды қажетті уақытында, қажетті жерден табыла білді деп білемін. Фотодағы мына бұлттарды енді көрмесіңіз анық», – дейді Смилде.
Авторы: Даниэль Стоун