..."/>
ЗЕРТТЕУ

Тұншықтырған пакеттер

Мұхит шамадан тыс көп пластик микроталшықтарынан зардап шегуде.

Жоғарыдағы микроталшық түйінінің диаметрі төрт миллиметрге жетпейді. Бұл, шамамен, планктон өлшемімен бірдей. Дерек жинау үшін ғалым Ричард Кирби апта сайын Англияның Плимут жағалауында планктон жинайды. Бірақ, соңғы кезде олжасының тең жартысы пластик болып жүр. Есепке сенсек, мұхит суына жылына 550 000 метрикалық тонна пластик микроталшық түседі екен. Ол түкті не полиэфир сияқты синтетикалық матаны жуған кезде бөлінеді. Планктон оларды жеуі не оларға шырмалып қалуы мүмкін. «Ластану деңгейі су мақұлықтарының қоректік негізін қалыптастыратын планктондарға дейін жетті. Мұның салдары мыңдаған жылдарға созылуы мүмкін», – дейді Кирби.

Авторы: А.Борунда, фото: Джо Питерсбургер, NGM қызметкері


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля