..."/>
ЗЕРТТЕУ

Зілбалға елесі

Бор дәуірінде тіршілік еткен, тиронозаврларды сұлатуға қауқарлы құйрықты зілбалға динозаврдың бір түрі – алып Zuul crurivastator-мен таныс болыңыз.

1984 жылы шыққан «Елес аулау­шылар» фильмінде түрлі парапсихологтардан құралған топ горгулья бетті тозақ иті – Зуулмен шайқасады. Ғалымдар шынайы өмірде оның «егізін» тапты: Zuul crurivastator не түрі фильмдегі құбыжықтан айнымайтын динозаврдың жаңа класы мен түрі.

Бұл мақұлық Солтүстік Америкада бұрын-соңды табылған шоқпар құйрықты, сауыт терілі динозавр түрі – анкилозаврид. Ол адам сенгісіз қалыпта сақталып, сауыты оны қаптаған жұмсақ тіндерімен бірге тасқа айналған. «Мұндайды табамыз деген ой үш ұйықтаса да түсімізге кірген емес», – дейді Онтарионың корольдік музейінің палеонтологы әрі зуулдерді зерттеу тобының басшысы Дэвид Эванс.

Танкке ұқсайтын шөпқоректі алып 76 миллион жыл бұрын қазіргі Монтананың солтүстігіндегі ежелгі теңізге құятын саға маңында өлген. Ісінген денесі оның өзенге түсіп кетіп, қысқа уақытта үстін құм басып қалғанын білдіреді. Ол 2014 жылға дейін көмулі жатты. Сол жылы қаңқа қалдықтарын қазу жұмыстарымен айналысатын кейбір ғалымдар оны тауып алады. 2016 жылы Онтарио корольдік музейі оның қаңқа қалдықтарын сатып алса, 2017 жылдың мамыр айында динозаврдың жаңа түрінің табылғандығы жарияланады. Қаңқаны зерттеу жұмыстары жалғасса да жәдігер тұсаукесерін мерзімінен бұрын өткізуге тура келді.

Автор: Майкл Грешко

Фото: Марк Тиссен. Кескін: Даниэль Дюфолт © Онтарио Корольдік Музейі


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля