..."/>
САЯХАТ

Қос көріну

Жап-жасыл Виктория шыңынан халқы өте тығыз орналасқан, төбесі көк тіреген Гонконг ғимараттарын көре аласыз. Фотограф Никола Руель қос көріністі бір суретте үндестіре білді.

Әлемнің тіршілігі қайнаған жерлерінен керемет композиция жасауға сегіз-ақ секунд жеткілікті.

Амстердамның атақты қызыл шамдар кварталы. Осы аудандағы жабулы есік артындағы өмірді бейнелеу үшін Руель қос экспозиция әдісін қолданған.

Әдетте фотограф Никола Руель ұзақ экспозициялы суретті түсіруге бар болғаны сегіз секунд жұмсайды. Неге одан аз не көп емес? «Сегіз – шексіздік саны», – дейді ол. Никола әлем бо­­йынша қосарлап түсірген қала пейзаждары суреттеріне қайта-қайта қараудың бітпейтін ғаламатына сенеді. Ол тірлігі қайнаған қалаларды түсіргенді жөн санайды. Ол вокзал, шіркеу, кітапхана, стадион секілді адам жиналатын кез келген қоғамдық орынды осы мақсатқа арнайды. Ол штативін орналастырып, бір бағытта төрт секундтық экспозиция түсіріп, кейін жапқышы ашық күйінде камераны басқа бағытқа бұрып, тағы тура сондай экспозиция жасайды. Ақыр аяғында сегіз секундтық толыққанды дүние шығады.

Берлиндегі Рейхстаг күмбезі астында неміс парламенті палатасының мәжіліс залдарының бірі орналасқан. Келушілер кеңістікті әртүрлі өлшемде тамашалап жатқандай көрінеді.

Әдетте ұзақ экспозициялы түсірілімнен көмескіленген кескін шығады. Суреттерді біріктіріп, екі техниканы бір нүктеде тұрып қолдану көрер­менге бір орыннан біртұтас дүниенің тұңғиығына үңілуге мүмкіндік береді. Жабайы кеңістіктен гөрі Руельге адам ортасы әлдеқайда жақын. Өйткені олардың әр секунды бір-біріне мүлдем ұқсамайды, үздіксіз қозғалыс үстінде. Нәтижесінде әлемнің ең көп фотоға түсірілетін жерлері Нью-Йорк Таймс пен Лондондағы Оксфорд алаңы көрерменге Руельдің камерасымен басқа кейіпке еніп, қайта тірілгендей болды.

Руель суретке түсіруге қалалық жерлердегі тың дүниені іздейді, тіршілігі қым-қуыт болса, тіптен жақсы. Сегіз қаладан бастаған топтамасы бүгінде 68-ге жеткен. Мақсат – 100-ге толтыру. Ол бұл суреттер сериясын одан әрмен жалғастыруға болатынын жоққа шығармайды.

Адам саны мен қозғалысы көп Лондондағы Оксфорд алаңына түрлі қырдан көз саларлық көрініс.

Авторы: Даниел Стоун, фото: Никола Руель


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля