Копенгагеннің жазық ландшафтысы шаңғы тебуге келе қоймағанымен Copenhill жобасы сауықтыруды жаңа деңгейге шығармақ. Copenhill – қаланың индустриалды жағалауында орналасқан қоқысты энергияға айналдыратын алып қондырғы. Ол 30 мың үйді қуат пен 60 мың үйді жылумен қамтамасыз етеді. Ал оның ұзындығы 380 метрлік көлбеу шатыры шаңғы тебуге арналған. Жаңа кешеннің құрамына шаңғы тебу паркі, өрмелеуге арналған қабырға мен қалаға қараған көрінісі бар дәмхана кіретін болады.
Алдыңғы қоқысты өртеу құрылымдарына қарағанда жаңа зауыт 25 пайызға тиімдірек әрі ол көмірқышқыл газының шығарындыларын ұстап қала алады. Дания 2050 жылға таман көміртек шығарындылары бойынша нөлдік балансқа қолжеткізбек. Қоқысты өртеп, одан энергия шығару идеясының да сыншылары жоқ емес. Олардың пікірінше мұндай жүйе бұдан да көп ысырапшылдыққа әкеп соғады. Алайда 2018 жылы Copenhill 450 000 тоннаға жуық қоқысты өртеген. Қалай болса да бұл кез келген адамның демалыс шырқын бұзатын метан парниктік газының қайнар көзі болып табылатын полигондардың аузы-мұрнынан шыққан қоқысқа қарағанда әлдеқайда жақсы шешім.
Авторы: Кристина Нюнез