Мына кішкентай кептер Нью-Йорктің жергілікті «тұрғыны», бірақ оның тегі басқа жақтан. Нью-Йорк қоғамдық кітапханасына сенсек, оларды 1600 жылдары АҚШ-қа еуропалықтар әкелген болуы бек мүмкін. Тордан босаған кей көгершіндер қалаға ұшып кеткен. Жабайы табиғат жартастарындағы кептердің ұяларын биік ғимараттар алмастырған. Арнайы қорек түрін қажет ететін өзге құстарға қарағанда, кептер барлық нәрсені, соның ішінде адамдар лақтырып тастаған қалдық-қоқысты да талғажау ете береді. Сол себепті, олардың саны әлем бойынша 400 миллионға жеткен. Жеті миллион кептер бір ғана Нью-Йоркті мекен ететін көрінеді.
Авторы: Партисия Эдмондс, фото: Эндрю Гарн