..."/>
ЗЕРТТЕУ

Эболаны тоқтата алмауымыздың төрт себебі

Өте қауіпті вирустарға арналған «Жалын аймағы» атты кітабым шыққалы 25 жыл өтті. Осы уақыт ішінде Эбола вирусы өзін ең деструктивті екенін дәлелдеді. Бұл зерттеу жазылып жатқанда ол Конго Демократиялық Республикасында жүздеген адамның өмірін қиып үлгерді. 1976 жылы анықталғалы бері бұл оның екінші мәрте қылаң беруі еді. Вирустың алғаш рет қауіпті деңгейде жаппай таралуы 2014-2016 жылдары тіркелген. Ол кезде Батыс Африкадағы үш мемлекет зардап шегіп, ауруды жұқтырған 30 мыңдай адамның тең жартысы көз жұмды. Бірліктің арқасында Эбола вирусының бетін қайтарғанымызбен оның адам баласына қайта шаппасына ешкім кепілдік бере алмасы анық. Көптеген себептерге байланысты эболаны әлі күнге дейін тізерлеткен жоқпыз. Шайқасты жеңсек те, соғыс әлі аяқталған жоқ. Ғалымдардың тылдағы еңбегі мен жобалары қандай нәтиже беретінін тек уақыт көрсетеді.

Эболамен күресу неліктен соншама қиын?

  1. ВАКЦИНА ТАЛАПТАРЫ: Эбола екпесі салқын жерде сақталуы тиіс. Мұндай мүмкіндіктер бола бермейтін тропикалық аймақтарда бұл вакцинаның пайдалануға жарамсыз боп қалуы жиі кездеседі. Ал әзірге құрғақ әрі ұзақ сақталынатын вакцина ойлап табылған жоқ.
  1. ЖАҢА ДӘРІЛЕРДІҢ ШЕКТЕУЛЕРІ МЕН ШЫҒЫНДАРЫ: Көбіне генетикалық инженерия әдісімен шығарылатын бұл дәрілер эксперименталдық б.т. Тиімділігі мен қолжетімділігіне байланысты олардың Эбола дертіне шалдыққандарды жаппай емдеудегі орны анық емес.
  1. БҰРЫНҒЫ ВИРУСТАРДЫ ТОҚТАТҚАН ЕМДЕУ ӘДІСІНІҢ СӘТСІЗДІГІ: 1966 жылы шешек вирусының кеңінен жайылуы кезінде ғалымдар қолданған «сақиналық» әдіс – инфекция жұқтырған адамдардың айналасындағыларды вакцинациялау үлкен табысқа ие болды. Осылайша вирус иммунды адамдар ортасында тұсалып, жолы кесіліп отырған. Сақиналық вакцинация азаматтық тәртіпті қадағалайтын мемлекеттік не басқа құзыретті органдардың тұрақты бақылауын қажет ететіндіктен бұл әдіс КДР-да сәтсіздікке ұшырады. Өйткені эбола жайылған кей аймақтар вакцинаторларға өз жұмысын орындауға рұқсат етпейтін әскери жасақтардың бақылауында болды.
  1. ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗ БОЛУЫ: Эбола құпия вирус болып қалып отыр. Оның адам сенгісіз агрессивтілігі мен вирустың барлық механизмдерін әлі толық түсіне алмай жатқандықтан оның адамды нақты қалай өлтіретіні де белгісіз. Қытайдың ұлы әскери стратег-қолбасшысы Сунь-цзы: «Жауыңды жақсы біл», – деп кеткен. Біз әлі де оны тануға тырысудамыз. Толық танып-білген кезде оны жеңетін әдістерді де ойлап табамыз.

Авторы: Ричард Престон


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля