..."/>
ЗЕРТТЕУ

Ат тағалаушы ұста

Ат тағалауға келгенде, бір өлшемдегі таға тұяқтың бәріне бірдей келе бермейтіні анық. Тағаның мыңдаған түрі бар болса, Арвин Рейнольдс ғана олардың көбімен таныс. Ол темір ұстасы немесе өзі айтатындай «ат етікшісі» болып істейді. Арвин Уашингтон қаласының атты полициясының тұлпарларын тағалап, оларды алты апта сайын тексеріп отырады. Бұл аттардың жаңа «етік» қажет етуінен емес, басты себеп – ат тұяғының адам тырнағындай өсуінде. Сондықтан, оларды уақытылы алып, түзетіп отыру қажет.

  1. Тұяқтың қабығы. Тұяқтың техникалық анықтамасы. Мына жерде Тонто есімді тұлпардың тұяғы (тағалған) көрсетілген.
  2. Құрал-сайман жәшігі. Олардың көмегімен аттар тағаланады не тағасы алынады, сондай-ақ аттың аяқтары тегіс болуы үшін тұяқ ретке келтіріледі.
  3. Таға шешу. «Ұсталар пайдаланатын құрал атауларын ерекше деп айту қиын», – дейді Рейнольдс. Бірақ мына темір қысқыш атты тағалауда не тағасын шешуде таптырмас құрал.
  4. Тұяқ жонғыш. Жонғыш тұяққа жабысып қалған бөгде заттарды қырып алып тастау үшін қолданылады. Ол қалың да, жұқа да болуы мүмкін.
  5. Былғары алжапқыш. Былғарыдан жасалған алжапқыш ұстаның тізесі мен аяғын жарақат алудан қорғайды.
  6. Ұста балғасы. Ұстаның ең маңызды сайманы. Оның көмегімен тағалар дайындалады.
  7. Қысқыш. Қысқыштың көмегімен өңдейтін құралды қимылдатпай бір қалыпта ұстауға болады.
  8. Тұяқ тексергіші. Жарақат алған жануарға ем-дом көрсету үшін оның ауыратын жерін оқшаулау мақсатында ұста тағаның босап қалмауын тексеріп отырады.
  9. Ағаш ұста балғасы. Сүйірленген қалып ұстаға кейбір тағаларды тұрақтандыратын қысқыш жасауға көмектеседі.
  10. Төс. Тағашылар мен темір ұсталары металды төске салып пішінге келтіреді. Рейнольд өзімен бірге алып жүретін төсінің салмағы 46 келі тартады.

Авторы: Кэтерин Цукерман, фото: Марк Тиссен


Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля