Керей-Жәнібек хандар ескерткіші Елордадағы Абай мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тұр. Қоладан құйылған еңселі тұғырдың биіктігі – 12 метр, салмағы 16,2 тонна.
1465 жылы Қазақ мемлекеттілігінің іргесін қалаған қос кемеңгер жайлы тарихшы Рашид-ад Диннің деректерінде баяндалады.
Әйгілі Шыңғыс Қаған ұрпақтары қазақ халқының құрамына айрықша саяси-әлеуметтік статусы бар төре деп аталатын этнонимдік атаумен енген. Барлық қазақ хандарының шығу тегі Шыңғыс ханмен тікелей байланыстырылады.
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігінің архивінен