Попкорн – отын әрі материал. Корнелл университетінің зерттеушілері жүгері дәндерінің әлеуеті зор екенін айтады. Ол лоу-тек әрі лоу-кост роботтар үшін таптырмас дүние. Инженер Кристин Питерсен айтқандай, жоғары температураға салғанда жүгері дәндері жарылып, үлкейеді. Бұл әртүрлі роботтарды, соның ішінде тапсырманы орындау үшін иілгіш күйден қаттыға трансформациялана алатындарды да қуаттандырудың керемет жолы. Сондай-ақ оны түрлі саңылауды бітеу үшін де пайдалануға болады. Мәселен, дән салынған силикон робот бөгеттің жарықшағын толтыра алады. Ал оның ыдырау қасиеті керемет артықшылық.
Авторы: Кэтрин Цукерман