Италиялық физик әрі фотограф Алессандро Сере әлемдегі ең үлкен үш үңгірдің екеуі – Хаң Ен мен Хаң Сон Дуңге барып көру үшін Сингапурда орналасқан Квантумдық технологиялар орталығындағы жұмысынан үзіліс алды. Көзделген жерге жету үшін менмін деген жаяу саяхатшының өзі машақаты мол жол мен ылғалдылығы 90 пайызға жететін ортаның сынағына тап болады.
Бір ай қалғанда. Бақ шаба ма, бап шаба ма?
Жыл сайын бұл үңгірлерге кіруге тек санаулы саяхатшыларға ғана рұқсат беріледі. Бірақ Сере досының досы арқылы соңғы сәтте бір орын алып үлгерді. Онлайн желідегі фотоларға қарап отырып, ол өзіне үңгір ішіндегі жарық контрастісімен үндесетін объектив қажет болатынын түсінді. Сондықтан камераларына жаңа жабдық сатып алуды ұйғарды. Сапарға шығар күн жақындаған сайын Сере джунглиде жаяу жүріп, жартасқа жеңіл өрмелеу үшін жаттығуын үдете берді.
Бір апта қалғанда. Жолға алатын дүние
Кесе-көлденең шыққан бір күрделі мәселе бар: балшық пен ылғалға арналған ауа өткізбейтін әрі судан қорғайтын етіктер аяқ инфекциясына жол беруі мүмкін.
Сапар күні келгенде. Тас-түйін дайындық
Экспедиция мүшелері Ханойда кездесіп, біршама уақыт бір-бірімен танысқаннан кейін Доңхойға аттанды. Джунглиге кірген соң Сере ұялы телефонын өшіріп қойды. Өзі байланыс аясынан тыс қалғанына қуанышты. Тар соқпақ жол бір жоғары шығып, бір төмен түседі. Қалықтаған үңгірлерге жетіп, лагерь құрғанға дейін экспедиция мүшелері белуардан су кешіп, төрт күн жүрді. Хаң Сон Дуңның шеті ұлы Вьетнам қабырғасына барып тіреледі.
«Үңгір ішіне сигнал өтпейді. Қасыңдағылардан басқа ешкіммен сөйлесе алмайсың». — Алессандро Сере
Авторы: Нина Строчлик, фото: Алессандро Сере