..."/>
ЗЕРТТЕУ

Акробат инеліктер

Еуропа, Азия мен Солтүстік Американың сулы-батпақты аймақтарында тіршілік ететін әртүрлі қанатты инеліктердің жұптасу рәсімі, биолог Рассим Хелифа айтқандай, «әуедегі акробаттық секспен» басталады. Бұл трюк кезінде Aeshna juncea аналығы денесінің ұшына жақын орналасқан жыныс мүшесін аталықтыкімен түйістіріп, екеуі қисайған жүрек пішініне ұқсап кетеді. Қосылған жұп жерге қонғаннан кейін барып, жыныс­тық қатынас аяқталады.

Аналығы жұмыртқа салу үшін бөлек кеткенде өз жұбын іздеп жүрген өзге аталықтардың көзіне түспеуге тырысады. Өйткені олардың жыныс мүшесі жақындаспас бұрын аналық қуыстағы бөгде ұрықты шығарып тастайтын қасиетке ие. Сол үшін аналық инелік қулыққа барып, ұшып келе жатып, жерге құлап, өлген кейіп танытуы мүмкін.

Цюрих университетінде жүріп, аналық инеліктердің өтірік өліп қалуын зерттеген Хелифа олардың бұл стратегиясы жүзеге асатынын анықтады. Мұндай кезде аталықтар аналық құлаған жерде сәл кідіріп, артынша өзгені іздеп ұшып кете беретіні байқалған. Жайына қалдырылған соң ол қайта тұрып, сапарын жалғастырады.


Өлген кейіп таныту жануарлардың керемет айласы

Жыртқыштың амалын тауысып, оны конфузға түсіру үшін өлген кейіп танытуды танатоз деп атайды. Мұндай жағдай омыртқалылар мен омыртқасыздардың көптеген түрлерінде байқалған.

 

ШОШҚАТҰМСЫҚ ЖЫЛАН

Танатозды барынша сенімді көрсету үшін Heterodon жыланы борсыған сұйықтық бөліп, тіпті, қан шашады екен.

 

ВИРГИНИЯ ОПОССУМЫ

Қауіп төнген кезде опоссум өлімді симмуляциялау үшін есінен танып, басын төмен салбыратып, аузынан көбік жібереді. Және оның денесі созылып, түрі тыжыраяды.

 

ЖЫРТҚЫШ ЦИХЛИДА

Бұл балықтардың кемінде екі түрі өзен не көл түбіне батып, өлі тұлыптай қимылсыз жатып алып, жемтігін күтеді.


 

Авторы: Патрисия Эдмондс, фото: Рассим Хелифа

 

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля