АҚШ-та күніне 100 миллионнан астам – көбі пластиктен жасалған – бір мәртелік түтікшелер қолданылады. Олар, айналып келіп, су жолдарына түсіп, микропластикке ыдырап, теңіз мақұлықтарына зиянын тигізеді. Кей елдерде пластик түтікшелерге тыйым салынғанымен мүгедек жандардың құқығын қорғау ұйымдары мұндай тыйымдарға қарсы шықты: олар түтікшелердің көптеген адамдар үшін күнделікті өмірде қажетті құрал екенін, ал пластик емес түрлері пайдалануға қолайсыз екенін айтады.
Түтікше материалдары:
- МЕТАЛЛ. Тот баспайтын болат, алюминий, тіпті, титаннан жасалған түтікшелер сұранысқа ие алтернатива. Бұлардың қызып, тістерді шықырлатуына байланысты оларға да сын айтылмай қалған жоқ. Олар тасымалдауға шыдамды әрі оларды қайта пайдалануға болады.
- ҚАҒАЗ. Қағаздан жасалған түтікшелер уақыт өте келе сұйықтықты бойына сіңіріп, жұмсарып кетеді. Ал талшықтары сусынға түсіп, дәмді өзгертуі мүмкін. Пластик түтікшелерге тыйым салынған жерлерде бұл түрі ең көп сұранысқа ие.
- СИЛИКОН. Бұл материал көп мәртелік пайдалануға арналған металл түтікшелердің танымал баламасы болып табылады. Компаниялардың бірі өртеген кезде биологиялық инерттік күлге айналатын экологиялық таза силикон түтікше ойлап тапты.
- ӘЙНЕК. Өзге түрлеріне қарағанда тез сынатындықтан тасымалдауға келе бермейді. Бірақ оны жуып, қайта-қайта пайдалануға болады. Кейбір өндірушілер түтікшенің эстетикалық стиліне түрлі түс пен ою-өрнек қосады.
- ҚАТТЫ ПЛАСТМАССА. Қайта пайдалануға болатын бұл түтікшелер тасымалдауға да, тазалауға да келеді.
- БАМБУК. Осы табиғи материалдан жасалғанын тұрақты өндіруге болады. Ол фабрикалық өңдеу әдісімен шығарылатын түтікшелердің өсімдікке негізделетін баламасы. Бамбук түтікшелерді қайта пайдалануға болғанымен оларды тазалау қиын әрі ол иіс сіңіріп алуы мүмкін. Лақтырып тастайтын уақыт келгенде, оларды компостілеу оңай.
- ИІЛМЕЛІ ТҮТІК. Алғаш 1940-шы жылдары шықты. Бұл медициналық мекемелерде науқастарға отырмай-ақ сұйықтықтарды ішуге мүмкіндік беретін игілік болатын. Мұндай шарттарда пластиктен жасалған иілмелі түтікшелер қауіпсіз, шығын аз нұсқаға айналды, алайда барынша экологиялық нұсқа ойлап табу көзделіп отыр.
Авторы: Сара Гиббенс, фото: Ребекка Хейл