..."/>
САЯХАТ

Ғажайып өлке

Қазақстан – тарихи ескерткіштерге өте бай ел. Мұнда Ұлы Жібек жолы бойында пайда болған ортағасырлық қалалар­дың сәулет өнерін тамашалауға болады. Бүгінгі таңда мем­лекет қорғауында 25 мыңға жуық тарихи және мәдени ес­керт­кіштер тіркелген. Оның ішінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясcауи кесенесі, Алматы облысындағы Тамғалы таң­батастары әлемге танымал болып, 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрасы тізіміне енгізілген. Жамбыл облысы аумағында 1100-ге жуық ескерткіш бар. Ортағасырлық сәулетшілердің туындалары мен архитектуралық қиял жемістерімен танысып, Оңтүстік Қазақстанның табиғи объектілерін тамашалауға шақырамыз.

Қызғалдақтар фестивалі

Оңтүстік жазиралары байырғы кезден қызғалдақтар отаны болып есептеледі. Бұл жерден сирек кездесетін, сары түсті Зинаида, Борщов, Колпаковский эндемик-қызғалдақтарын көруге болады. Жуалы ауданы Берікқара шатқалының өзінде Қызыл Кітапқа енген Грейг және Кауфман қызғалдақтарының бес сұрыбы бар. Құрып бара жатқан гүлдің алуан түрлілігін сақтап қалу, өскелең ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, эстетикалық және экологиялық туризмді дамыту мақсатында жыл сайын мұнда қызғалдаққа арналған кең ауқымды іс-шара өткізіліп тұрады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Қазақстанның оңтүстігінде, Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – 1385-1405 жылдар аралында салынған сәулет жауһарлары, тұрмыстық ғимараттармен үйлес­кен рухани тұлғалардың кесенелерінен тұратын ғажайып кешен. Көптеген тарихи апаттарды бастан кешкен ғимараттың биіктігі 37,5 метрге тең, оны диаметрі 18,2 метр болатын кірпіш күмбез тәждеп тұр. Ғимарат 30 бөлме мен залдан тұрады. Оның орталық залы қазақ хандарының резиденциясы ретінде пайдаланылған, мұнда арнайы мұражай-пантеон ашылған.

Кесененің әсем безендірілуі мен әдемі қыш тақтайшалы мозайкалар қиялыңды шабыттандырады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген. Бұл орасан зор ғимарат ХІІ ғасырда өмір сүрген, ежелгі түркі ақыны және суфизм уағызшысы Ахмет Ясауи құрметіне салынған. «Ясауи» сөзі «Яссыдан шыққан» дегенді білдіреді, ежелгі кезде Түркістан қаласы осылай аталған.

Қазығұрт

Қазығұрт – Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде, Алматы-Ташкент тас жолында орналасқан қасиетті қорған. Бұл жерде бір кездері Ұлы Жібек жолы өткен. Бүгінгі күнге дейін Қазығұрт туралы көптеген аңыздар бар, олардың ішіндегі ең әйгілісі осы таудың шыңына Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған дейді. Қазығұрт асуында теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте Нұх пайғамбардың кемесінің монументі бой көтерген. Жергілікті аңыз бойынша Қазығұрт тауына екі мың жыл бұрын Нұх пайғамбар аялдаған. Жұрт бұл таудың қасиеті туралы 50-ге жуық аңыз айтады. Жергілікті тұрғындар бұл орынды «Кеме қалған» (Нұх пайғамбардың кемесі қалған жер) деп атайды. Таңқаларлығы, жергілікті кеменің өлшемі киелі дереккөздерде сипатталғандай – ұзындығы үш жүз шынтақ (150 м), ені елу шынтақ (25 м) және биіктігі отыз шынтақ (15 м) болып келеді.

Арыстан-баб кесенесі

Отырар қалашығы мен Шәуілдір ауылынан – 2, Шымкент қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан. Кесене – ХІІ-ХІV ғасырлар сәулетінің ғажап ескерткіші, Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы мен руһани тәлімгері, діни дәріптеуші және уағызшы – Арыстан-бабтың зиратына орнатылған. Мешіт үй-жайларының бірінде Арыстан-баб ізбасарларының ғибадатханалары мен зираттары, ал екіншісінде – әулиенің өзінің қабірі орналасқан. Ұстаз бен оқушы арасындағы тығыз байланыс әлі күнге дейін тоқтамаған. Дәстүрлі түрде зияратшылар өз жолын қасиетті Арыстан-баб кесенесіне барудан бастайды, содан кейін ғана Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне келеді.

Ақсу өзенінің каньоны

Өзеннің арнасы мен жағасы негізінен әк тәрізді, соның салдарынан өзендегі су ақ түсті болып көрінеді. Каньон ішінара Түркістан облысы Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында орналасқан (Қаржантау тау жотасы, Батыс Тянь-Шань тауларының сілемдері). Оның ұзындығы 30 шақ, тереңдігі 500 метр, ал жоғарғы шеттері арасындағы қашықтық 0,5 метрден 800 метрге дейін жетеді. Өз микроклиматы бар.

Айша бибі кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)

Қазақстандағы үздік сәулет ескерткіштерінің дені – діни ғимараттар болып табылады. Біздің уақытқа дейін сақталып жеткен құрылыстардың ішінде аса қызықтыратыны – осылар. ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделетін сәулет өнерінің үздік нұсқасы Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Ғасырлар тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен. Қаншама жылдар бойы археологтар, сәулетшілер, жаңғыртушы-рес­тав­раторлар кесенені қайта жаңғырту туралы пі­кір­талас жүргізді. Ақыры бұл жұмысты Респуб­ли­калық «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің Түр­кістан филиалындағы мамандары үш жыл ішінде, 2002-2005 жылдар аралығында аяқтап шықты. 2005 жылдың көктем айында кесене өзінің алғашқы қайталанбас көз қуантарлық ғажап келбетіне енді.

Тектұрмас әулие кесенесі (ХІV ғ.)

ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында Тек­тұрмас кесенесі салынған және бұл діни орын­дардың бірі болған. Осы төбенің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рә­сім­дегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жа­ғында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған. Аталған мекенге 2001 жылы археолог А. Итенов археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Кесене жергілікті халыққа Тектұрмас атымен белгілі Сұлтан-Махмудхан жерленген орын ретінде белгілі. Ал Тектұрмас сөзінің өзі түрікше «тынымсыз орын» дегенді білдіреді.

Қарахан баба кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)

Ғимарат Тараз қаласының орталығында орна­ласқан (Төле би мен Байзақ батыр көшеле­рінің қиылысы), ортағасырлық рабад аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Ғимараттың алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. Сөйтіп, 1906 жылы жер­гілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы, бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіре беріс иіні сүйірлене қаланып колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қала Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.

Құшағыңды аш, туған жер!

Еліміздің ішкі туризмі, сөзсіз, жылдан-жылға жанданып келе жатыр. Әсіресе, жастар жағы жаз айларында керек-жарағын арқалап, Қазақстанның тамаша табиғатын көру үшін сапарлай бастады. Оны олардың әлеуметтік желілердегі белсенді жазбаларынан-ақ байқауға болады. Патриот жандардың туған табиғатын мадақтамағаны кемде кем болар сірә. Егер Сіз де Қазақстанның көрікті жерлерін аралап, кәсіби турист атанғыңыз келсе, Сізге қажет болуы мүмкін-ау деген заттардың қысқаша тізімін ұсынып отырмыз.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля