..."/>
САЯХАТ

Тотем бағанасы

Тасманияның аңызға айналған нүктесінде тұрып, мінсіз сәтті күтіп отырған фотограф өз арманын орындауға бір табан жақын.

«Дәл сол шарттарда құлап арандау өліммен тең еді». — Кристл Райт

 

ТАСМАНИЯНЫҢ ТАС МҰНАРАСЫ — Тотем бағанасын түсіру идеясы фотограф Кристл Райтқа түсінде келген екен. Біраз жылдардан кейін үстінен жарық түсіріп тұрған дрон мен көрші жартастардан созған арқанға ілініп тұрып, ол дегеніне жетті.

 

ҮШ АЙ БҰРЫН  |  БЕЛГІСІЗ МАРШРУТ

Тасман түбегінің суынан көтеріліп тұрған Тотем бағанасы әрбір өрмелеу­шінің бағындырғысы келген әлемдегі ең драматикалық нысанның бірі. Әдетте теңіз найзатастары әлдеқайда қолжетімді солтүстік жағынан түсіріледі. Ал Райт «Сиқыршы» деп аталып кеткен оңтүстіктен көтерілетін маршрутты қамтығысы келді. Бұл мақсатқа жету үшін альпинист Маян Смит-Гобатқа көрші тұрған жартас беткейімен түсіп, каналды арқан арқылы өтуі керек еді. Райт пен Смит-Гобат бастаған түсірілім тобы өрмелеуді құжаттау жоспарын бірнеше ай пысықтаған.

 

БІР АПТА ҚАЛҒАНДА | КЕРЕК ЗАТТАР ТІЗІМІ

Екі сөмкенің өзі тау-тасқа өрмелеуге, суға түсуге және фотографияға арналған керек-жарақтармен толды. Тасманияның дауылды ауа-райы қалың киімді артық етпейді.

  • Ескекаяқ
  • Жарығы алыстан іске қосылатын дрон
  • Ұзындығы шамамен 200 метрлік арқан
  • Камера мен оның жабдықтарын алып өтетін су өтпейтін сөмке
  • Суға түсіп шыққаннан кейін ауыстыратын киім
  • «Жан-жақты өлшенген шешімдерге ғана зәру болғандаймыз», – дейді Кристл Райт.

 

СЫН САҒАТЫ СОҚҚАНДА | «АЛ, БАСТАЛДЫ!»

Екі күнге созылған дайындықтан кейін Райт түбекке жол тартты. Екі сағат соқпақпен жүріп, 100 метрлік құздан түсіп, беліне арқан байлап, мұхитқа секіріп, каналды жүзіп өткеннен кейін ол арғы жақтан бір-ақ шықты. Қауіпсіздік белбеуін киіп, арқанда ілініп тұрғанда Смит-Гобат Тотем бағанасына шығып алған еді. Көк сағатта, яғни кешкі 5:30-да Райт дрон операторымен хабарласты. Дрон жарық бергенде ол көптен күткен кадрды жасады.

 

Авторы: Нина Строчлик, фото: Кристл Райт

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля