..."/>
ЗЕРТТЕУ

Алып ара ызылы

Аналық аралар жағының көмегімен ағаш шайырын жинап, оны термиттердің ағаш індері ішінде ұя салуға пайдаланады.

Мынау сирек кездесетін Megachile pluto планетамыздағы ең үлкен ара. Осы суретте шамамен өз өлшемімен берілген қанат құлашы 6,35 см құрайтын бұл жәндікті биолог Альфред Рассел Уоллес 1859 жылы Индонезиядан тапқан. Ол 1981 жылға дейін-ақ түгел жойылып кетеді деген қорқыныш та болған. 2019 жылдың қаңтар айында фотограф Клэй Болт пен Принстон университетінің энтомологы Эли Вайман қатысқан экспедиция тобы байқағанға дейін ол тұмса табиғатта ешқашан кадрға ілінбеген екен. Болттың айтуынша, бұл араны көріп, қанатының ызылын естігенде Вайманның қуанышында шек болмаған: «терең де баяу дыбыс­ты тек естіп қана қоймай, сезуге де болады».

 

Авторы: Дуглас Мейн, фото: Клэй Болт

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля