Тайланд. Чиангмай қаласы Йи Пенг мерекесін тойлауда. Әуеде қалқыған шамдар қараңғы түнді жарық етеді. Буддизмнен бастау алатын дәстүр ойға шомуға, рухани тазаруға сеп. «Кхомлой» – күріш қағазынан жасалған әуе шарлары түнгі аспанның сәнін кіргізуде.
ФОТО: ПАНУПАНГ РУПИАЙ, DEMOTIX/CORBIS
АҚШ. Оңтүстік Каролинадағы зертхананың бірінде барқыт матаға өсірілген маржан саңырауқұлағы. Өсімдіктерді бұлайша көбейту тәсілі – эксплантаттар үшін пайдаланылады. Композицияны жасауға он сегіз сурет біріктірілді.
ФОТО: ДЖЕЙМС HИКОЛСОН, NOAA
Жапония. Синдзюку Гёэн ұлттық бағындағы үйеңкінің көз қарықтыратын сарғайған жапырақтары тарамтарам бұтақтармен көмкерілген. Токио бағы «момидзигари» яғни күзгі жапырақты тамашалайтын орын ретінде танымал. Бұл дәстүр ғасырдан ғасырға жалғасуда.
ФОТО: ДЭННИ ДАНГО