КӨЗТАРТАР

Көзтартар

Кіші Рахман көлі – ШҚО Катонқарағай ауданының Рахман қайнары ауылының маңында орналасқан. 2008 жылы алапат өрт салдарынан түгелдей бір орман алқабы күлге айналды. Тілсіз жау көл ортасындағы кішкентай аралға дейін жеткен екен. Тек қаңқасы ғана қалған мына шыршалар сол апаттың куәсі.

Ұзын тұмсығының көмегімен кәдімгі көбелек гүлдің тәтті шырынымен қоректеніп жатыр. Бунақ денелілер тобына жататын көбелектердің әлемде 140 000-ға жуық түрі бар. Олардың кейбірі сағатына 60 шақырым жылдамдықпен ұша алады және қалқып тұрып гүл шырынын соруға да шебер.

Түркия. Жерорта теңізі. Судың мөлдірлігі соншалықты – тереңінде жүзген балықтарды көруге болады. Бірақ бұл балықтар су бетіне жақын жүр, себебі олар адам қолынан жем жеп үйренген. Бір кесек нанды теңізге тастасаңыз болды демде жетіп келіп, жұлмалап жеп кетеді.

ФОТО: ЕРБОЛАТ ШАДРАХОВ

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Генерация пароля