Канада
Манитобадағы Уопаск Ұлттық саябағы. Ақ аюдың төрт айлық қонжықтардың алғаш рет үңгірден шыққан сәті. Ол өзінің жалғыз қамқоршысы – анасына сүйеніп жатыр.
ФОТО: ДЭЙЗИ ДЖИЛАРДИНИ
Чехия
Қатал аяз Батыс Бескидс жоталарындағы шамшат ағаштары мен шыршаларды таңғажайып өрнекпен безендіріп тастапты. Польша мен Словакияны қамтитын бұл орман жүйесі 1973 жылы қорғауға алынған болатын.
ФОТО: ЖАН БАЙНАР
Антарктида
Пленоу аралында ұзын құйрықты джентю немесе субантарктикалық пингвиндер көктем сайын шағылысады. Бұл жерге орташа салмағы 5,5 келі, ұзындығы бір метрге жуықтайтын мыңдаған құс жұп іздеп келеді.
ФОТО: ДЭЙЗИ ДЖИЛАРДИНИ