..."/>
ЗЕРТТЕУ

Жұмсақ денелі робот

Сегізаяқ тәріздес осы бір икемді робот қараңғыда жарық шығара алады.  Жаңалыққа екі жыл кетті. Алайда жұмсалған материалдардың құны —бірер доллар ғана.

Сегізаяқ тәріздес осы бір икемді робот қараңғыда жарық шығара алады. Жаңалыққа екі жыл кетті. Алайда жұмсалған материалдардың құны —бірер доллар ғана.

Наташа Дейли

Роботтар – «оғаш қимылдайтын» темір машиналар деген қасаң түсінікте болсаңыз, қатты қателесесіз. Одан да ені бар-жоғы 8 см де болмайтын «октоботпен» танысыңыз.

«Октобот» – әлемдегі тұңғыш толықтай жұмсақ, автономды және мобильді робот. Оның бо­йында сым, батарея немесе әлдеқандай қатты материал жоқ, ол өзінің қаңқадан ада аттасы «сегіз­аяққа» (octopus) қатты ұқсайды.

Бұл мақпалдай роботты құрас­ты­рып шығару үшін Гарвардтың инженер-профессорлары Роберт Вуд пен Дженнифер Льюис 300-ден аса сынақ жүргізіп көрген. «Октобот» роботтар болмысын мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін. «Дәстүрлі роботтардың автоматты әрекеті мінсіз, бірақ олардың қимылы ебедейсіз, тіпті адамға үрей туғызады, – дейді Вуд, – ал жұмсақ «октоботтар» адаммен соқтығысқан жағдайда баскетбол добы тигендей ғана әсер береді, яғни денеңізді ауыртпайды».

«Октоботқа» дейінгі жұмсақ роботтар батарея, сымдардан құралған иілгіш гибридтер болатын. «Октобот» оларды жолда қалдырды. Ол пневматикалық күш әсерінен қозғалады (жоғарыда алқызыл түспен көрсетілген). Химиялық реакцияның арқасында сұйық сутегі түріндегі отын газға айналады. Осылайша, 3D принтердің көмегімен силиконнан құйылған роботтың «қол-­аяғы» үрленіп, қозғала алады.

«Октобот» – сынақ түрінде болғанымен, оның икемді қолдары технология төңкерісін нұсқап тұрғандай. «Мақсат – оның пайдасын көруде», – дейді Вуд.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля