..."/>
ЗЕРТТЕУ

«Жүретін» құм

Құм бетіне құлақ салып тыңдаса­ңыз, бiресе – адамның айқайы, бі­ре­се – әдемi әуен, енді бірде үре­й­лі гүріл естіледі. Кейде күңіренген, күр­сінген, сыңсыған құдды бір тірі ма­құлықтың әлдекiмге айбат шеккен дауы­сына ұқсайды.

Әртүрлі дыбыс құмның жоғары­да­ғы түйiршiктері төмен қарай сусып, сырғығанда оның көлеміне, сыр­ғу жылдамдығына қарай шығады. Күз-қыс айларында, яки құм өзіне ылғалды көбірек сіңіріп алған кезде және жауын-шашынды күндері дыбыс мүлде естілмейді. Ал миллиондаған жыл бұрын түзілген құмтау сан мәрте желмен сапырылса да, не себепті басқа жаққа көшіп кетпей, өз орнында қалып қоятыны таңғалдырады.

Геология ғылымының кандидаты Жамбыл Жолдыбайұлының пікірінше, Үлкен және Кіші Қалқантаулардан айна­ла соққан жел құмның басқа жаққа көшіп кетпеуінің басты себебі.

Айғайқұмға қатысты жергілікті халық арасында аңыз-әңгімелер де баршылық. Аңыздың бір нұсқасы бойынша қара ниетті бір адам құм астында қалып қойып, жаны қиналғанда осылай айғайлайды десе, екінші нұсқа оны дуаланған сұлудың жылаған дауысы деседі. Туристер мұнда, әсіресе, сәуір-қазан айларында серфингке жиі келеді.

Алматы облысында орналасқан Айғайқұмның биіктігі – 150 метр, ұзындығы 3 шақырымнан асады.

Сапар Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Автор: Дәурен Құдайберген, фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля