Астана! Бәйтерек! Автордың бұл фотосуреті елорданың тағы бір ерекше түнін көрсетеді. Аспанды торлаған қалың да күңгірт қою бұлт – «Бәйтеректің» бейнесін күндегіден де ажарландыра түсетіндей. Кадрда шағылысқан жарықтар шұғылаға айналып, Астананың айрықша атмосферасын көз алдыға әкеледі.
Автордың келесі суреті Астананың күндізгі ажарын асқақтатады. «Күзгі көйлегін» кие бастаған бас шаһарға сарғайған ағаш жапырақтары ерекше реңк қосады…
Фотоны түсірген: Максим Золотухин
Астана қаласы