Таксидермия сужүрек айналысатын іс емес. Өнердің бұл түрі жануарлардың қаңқаларын аралау, қыру, құлақ пен басқа жерлерін бөлшектеу секілді тұлып құрастыру процесінен тұрады. Алынған тері күйдіріліп, манекенге кигізіліп, тігіледі. Мақсат – жануарды тірі кезіндегідей қаз қалпында сақтау. Лос-Анжелес округіндегі Ұлттық тарих музейінің таксидермисі Тимофей Бовард көптеген жануарға осылай «жан бітірген». Алайда, өзінің айтуынша, кейбіреулеріне тиіспейді. «Өзімнің үй жануарларыммен олай істемеймін», – дейді ол.
- Қыру пышағы. Дайындық жануардың терісін кейде қыру пышағы не ет кесетін машинамен жұқартудан басталады.
- Егеуіштер. Көбікті манекеннің бұлшық еттерімен бірге басқа да анатомиясын жасауға егеуіштер пайдаланылады.
- Болат қайрақ. Пышақтың жүзін өткірлеу үшін керек.
- Жалған көз алмасы. Шыны көздер бұрынғыдан да шынайы көрінеді.
- Мүсіндеу құралдары. Кей таксидермистер жануардың терісімен қапталған көбікті манекенге пішін беру үшін саз қолданады.
- Штангенциркуль. Үлгі не мүсіннің дене бөліктерін өлшеу құралы.
- Қайқы пышақ. Терідегі ет пен майды сылып алу құралы.
- Іскек пен тегістеу құр. Қауырсынды тазалау сияқты мұқият орындалатын жұмысқа шағын құралдар мен ептілік керек.
- Қайшы. Көздерді оңай шұқып алу үшін әрі қиын тұстарға жету үшін үлкен қайшы керек.
- Үлгі. Қызыл тәжді тотықұс құрастыруға дайын.
- Аэрограф. Жалаңаш теріні бояуға қолданылады.
- Шаш қыстырғыш. Құс кепкен кезде қауырсындарын ұстап тұру үшін қажет.
- Тазартуға арналған пышақтар. Мұндай пышақтар – сылуға, құлақтың ішін сыртына айналдыруға, ерінді тілуге таптырмас дүние.
Авторы: Катерина Цукерман, Фото: Марк Тиссен
Мақаланың толық нұсқасы мен әлемдік зерттеулердің қайнар көзіне қол жеткізгіңіз келсе, shopnationalgeographic.kz арқылы онлайн жазылыңыз.