..."/>
КӨЗТАРТАР

Қырандай қырағы

Көз-жанары

Құсбегілік – бекзат өнер. Көз өткірлігі, көкірек шері, сезімталдық пен қырағылық – қыран құсқа тән қасиет. Әсіресе, қиқу салар аламан алдындағы бір сәттік үнсіздік – құсбегінің де, қыранның да қияға қомданғанын білдіретіндей.

«Жарыс басталар алдында 30-ға тарта құсбегі сапқа тұрды. Солардың арасынан жас құсбегі мен оның қолындағы қаршығаның әрекетін аңдумен болдым. Маған бала мен түз құсы бір-біріне бауыр басқан, бірін-бірі көз жанарлары арқылы түсінетіндей сезілді. Бала мен қаршығаның әлденеге алаңдайтынын байқау да қиын емес» деп жазады фото авторы.

Суретті түсірген: Сәрсенбек Қызайбекұлы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Сонар 2014» республикалық құсбегілер жарысы.

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля