..."/>
КӨЗТАРТАР

Көзтартар

Құрама Штаттар

Небрасканың Дентон қыстағындағы иесіз үйдің төбесінде, күлгін тартқан аспанда найзағай жарқылдады. 20 минутта түсірілген 4 суреттен құралған композициядағы бұл құбылыс «Бұлт ішіндегі найзағай» деп аталады.

ФОТО: ЭРИК ДЖОНСОН

Германия

Қызыл түлкі орманда құлайын деп тұрған Дуглас шыршасына шығып алып, жоғарыға өрмелеп барады. Солтүстік жарты шардың барлық жерін мекендейтін бұл мақұлық – көптеген мәдениеттер мен мифологияда қулықтың символы.

ФОТО: КЛАУС ЭКЛЕ, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ КІТАПХАНАСЫ

Англия

Далидің суреттерін елестететін мына көріністе Крамер тотықұстары «London’s Hither Green» бейіті үстімен ұшып барады. Шаһарда бұл құстың мыңға жуығы тіршілік етеді. Жарқылдан және ұзақ экспозициядан әуедегі іздері байқалады.

ФОТО: СЭМ ХОБСОН, ТАБИҒАТ СУРЕТТЕРІ КІТАПХАНАСЫ

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля