ТУМА ТҮЙСІК
Жануарлар әлеміндегі сүйіспеншілік пен қарым-қатынасқа негізделген жан-жақты зерттеу жұмысы
«Perissodactyla» сөзінің дәлме-дәл аудармасы – «тақтұяқтылар». Сүтқоректілердің бұл типіне мүйізтұмсықтар (үш тұяқты), жылқылар (дөңгелек тұяқты) және тапирлер (артқы аяғында – үш тұяқ, алдыңғысында – төртеу) жатады.
Дене бітімі бөшке тәрізді тапирлердің қосымша тұяқтары өз салмағын көтеріп, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Мүйізтұмсық, жылқы мен тапирдің жыныс мүшелерінің шамадан тыс үлкен болуы олардың басты ерекшелігі», – дейді Солт-Лейк-Ситидегі «Юта Хогл» зообағының жануарларды күту бөлімінің басшысы әрі тапир сарапшысы Мишель Стенсер.
«Тапирдің жыныс мүшесі қозғанда оны басып кетіп, шырқырағанын өз көзіммен көрдім», – дейді Стенсер. Мүшенің үлкен болуы қиындықтар тудырмай қоймайды. Әйткенмен, Мишель аталығы әр ұрғашымен шағылысарда өзінің жыныс мүшесінің көлемі мен пішінін өзгерте алатынын байқаған. Ал бұл эволюциялық бейімделудің тағы бір түрі болса керек. Аталық мүшесінің түбіндегі қатпарлар ұрғашының «ұятты жерін» жауып тұратындықтан олар құрғақта да, суда да шағылыса алады.
Тапирлер екі жасқа толғанда шағылыса бастайды және бұл кезең жиырма жылға дейін созылады. Егер шағылысу сәтті өтсе, ұрғашысы 13 айдан кейін дүниеге жалғыз (сирек жағдайда егіз) төл әкеледі. – Патрисия Эдмондс
Тегі Tapirus
МЕКЕН ЕТЕТІН АЙМАҚТАРЫ
Ылғалды орман, саванна, Азиядағы, Орталық, Оңтүстік Америкадағы және Мексикадағы шалшықты жерлер.
ҚОРҒАЛУ ЖАҒДАЙЫ
Тапирдің үш түріне (азиялық, таулық және Бэрд) жойылу қаупі төніп тұр. Жазық жерді мекендейтін тапирлер де жойылу алдында.
Азиялық немесе малайлық тапир ретінде белгілі мына аталық Tapirus indicus Омаха қаласындағы «Henry Doorly Zoo» хайуанаттар бағында суретке түсірілген.