..."/>
ТУМА ТҮЙСІКТЕР

Аталықсыз ұрықтану

NationalGeographic_2208767

Мына мексикалық желаяқ кесіртке (Aspidoscelis neomexicana) Небрасканың Омаха қаласындағы «Henry Doorly Zoo and Aquarium» саябағында суретке түсірілген.

Aspidoscelis neomexicana

МЕКЕН ЕТЕТІН АЙМАҚТАРЫ

АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы және Мексиканың солтүстігіндегі шөлейтті-көгалды жерлер

ҚОРҒАЛУ ЖАҒДАЙЫ

Aspidoscelis кесірткесінің елуге жуық түріне қауіп жоқ. Бірақ төрт түрінің кеміп кету қатері бар. Ал басқа төрт түрі жойылуға шақ қалды.

Көптеген тірі ағзалардың дүниеге ұрпақ әкелуі әрбір ата-ананың хромосомалары тұқымына теңдей берілуі арқылы жүзеге асады. Көбеюдің мұндай жолы бірнеше ұрпақ бойы ДНҚ ақпаратын түрлендіріп, жыныстық жолмен көбейетін ағзалардың өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуі үшін оларды генетикалық алуантүрлілікпен қамтамасыз етеді.

Ал жыныссыз көбейетін ағзалар өзінің генетикалық көшірмесін, яғни, ұрпағын өздігімен дүниеге әкелу үшін барлық хромосомаларын пайдаланады», – дейді молекулярлық биолог Питер Бауман. Ағзалар генетикалық тұрғыдан бірдей, cондықтан әлсіз. Ауру немесе қоршаған ортадағы өзгеріс олардың жаппай қырылуына әкеп соғады.

Алайда Бауман мен оның әріптестері Миссуридің Канзас қаласындағы Стауэрс медициналық зерттеу институтында жыныссыз көбейетін Aspidoscelis желаяқ кесірткесін зерттей келе, оның генетикасында өзгеріс барын анықтады. Кесірткелердің барлығы ұрғашы және партеногенетикалық. Яғни, олардың жұмыртқалары ұрықтандырусыз-ақ эмбрионға айналады. Бауманның тобы жұмыртқалар қалыптаспай тұрып, ұрғашының жасушалары әдеттегіден екі есе көп хромосома алатынын анықтады. Осылайша, жұмыртқалар барлық хромосомаларға және генетикалық алуантүрлілік пен ауқымды көлемге (гетерозигота ретінде белгілі) ие болу арқылы жынысты жолмен көбейетін кесірткелермен бәсекелесе алады.

Бұның себебі неде? Бауманның айтуынша, бұрын Aspidoscelis кесірткелері шағылысуды бастан кешіпті. Яғни, бір түрдің ұрғашылары басқа түрлерінің еркегімен шағылыстырылған. Мұндай оқшау байланыс желаяқ кесірткелерді жыныссыз жолмен көбеюге тән белгілермен – идентикалық репликациямен, атап айтсақ, клондау арқылы сақталған тұрақты гетерозиготалармен қамтамасыз етті. Бүгінде олар генетикалық алуантүрліліктің бұл артықшылығын көбею үшін әлі де пайдаланады. – Патрисия Эдмондс

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля