Словения
Црни Врх ауылының маңы. Ұзындығы бір метрге жуық сүңгілері бар таңғажайып мұз бейнелер Яворник тауының биігіндегі қарауыл мұнарасы мен ағаштарды құрсап тастады. Бұл көрініс – табиғат ананың таңғажайып сыйындай.
ФОТО: МАРКО КОРОШЕЧ
Тонга
Вавау аралдарына жақын маңдағы тынық суда жүзіп жүрген бүкір кит шабағының туғанына бір апта да болған жоқ. Ұзындығы қазір шамамен төрт жарым, ал өскенде 15 метрге дейін жетеді. Киттердің дені осы суда шабақтайды.
ФОТО: АБДУЛЛА МЕТИ
Чех Республикасы
Орлицке тауының Дестне ауылындағы қырау көмкерген мына үй Шедивачкув Лонг ит жарысына келгендердің көзайымы болып саналады. 700 итті шанаға жегетін шабандоздар төрт күндік жарыста 240 шақырымды жүріп өтеді.
ФОТО: ПЕТР ИОЗЕК, REUTERS