..."/>
АЙҒАҚ

«Гүлді» жігіттер

Колкатаның «Маллик Гат» атты алып базарының Ангад Рей есімді сатушысы Хугли өзенінің жағалауында ашока жапырақтарын саудалауда.

Колкатаның «Маллик Гат» атты алып базарының Ангад Рей есімді сатушысы Хугли өзенінің жағалауында ашока жапырақтарын саудалауда.

Үндістанның гүл базарларына еркектер күн сайын алуан түске «боянып» шығады. Колкатада көзге ұратын қарама-қайшылық осындай.

Мәтін және фото авторы: Кен Херманн

Кульвиндер есімді сатушының үстіндегі қызғылт сары қырмызыгүлдер сырт көзге киім сияқты көрінеді. Бұл жігіттерді жұмыстарын ысыра тұрып, шақырайған күннің астында суретке түсуге көндіру әмияныма ауырлау тиді.

Осыдан бірер жыл бұрын іссапармен Үндістанда болдым. Бір күн демалысымды пайдаланып, Колкатадағы (2001 жылға дейін қала Калькутта аталған) «Маллик Гат» атты гүл базарына бет алдым. Бұл – Азиядағы ең ірі көтерме сауда нүктелерінің бірі. Базар ғасырдан астам уақыттың куәсі. Мұнда күн сайын екі мыңға жуық сатушы жұмысқа шықса, таң атпастан маусымдық гүлдер тиелген жүк көліктері келіп тоқтайды.

Қарбаласқа толы атмосфера мені өзіне еріксіз баурады. Бәрінен бұрын ер адамдардың гүл сатып жүргендері қызық болды маған. Бір қарағанда, тепсе темір үзетін жігіттер, бірақ гүл күлтелерін әйелдердей аялап ұстап жүр. Бір жігіт құдды бір гүлден тоқылған киім киіп алғандай. Әйел-ер арасындағы контраст мәселесіне қызығып, портреттер сериясын жасау үшін екі жылдан кейін қайта бардым.

Үндістанда гүлдер мерекелерден бастап, діни рәсімдерге дейін түрлі шараларда пайдаланылады. Гүлдің алуан түрі бар: ашық түске боялған гибискустар, қанық алқызыл раушан гүлдер, ақгүл шоқтары, хош иісті лотос және магнолия гүлдері. Бірақ мен сатушылардың қолынан көрген гүлдерді ғана суретке түсіруді жөн көрдім.

Бұл жігіттердің көбі тек бенгали тілінде сөйлейді. Кейбірі мұнда заңсыз келген. Олардың сеніміне кіру оңайға соқпады. Арада бірнеше күн өткенде көмекшім екеуіміз әлгі сатушылардың бірі – бенгали және хинди тілінде қатар сөйлейтін жергілікті тұрғынмен қарым-қатынас орнаттық. Оның көмегімен өзге сатушылардың тілін табу да жеңілдей түсті.

Көңілім қалағандай анық сурет түсіруге базардағы адам қарасының көптігі кедергі болды. Сөйтіп, Ганг өзенінің тармағы – Хугли өзені бойындағы ер адамдарды суретке түсірдім. Күн сәулесі мен түтін аралас құбылмалы сәтті қалт жібермес үшін түнгі суретке түсіру сессиясы 12-ден бастап 03.00-ге дейін жалғасты. Талтүстегі күннің шақырайған сәулесін жұмсарту үшін студиялық сүзгіні де пайдаландым.

Менің жұмысым – стереотиптерден арылудың амалы. Кей адамдар Үндістан халқы шетінен кедей және аянышты жағдайда тұрады деп ойлайды. Сұрқай ортада түсірілген әдемі суреттердің сериясынан құралған бұл жоба Үндістанды басқа қырынан көрсетуді көздейді.

ДЖЕРЕМИ БЕРЛИН ӘҢГІМЕСІ

56448988989

Гүл сатушы жігіттер: С.К.Багхат қытай гибускустарынан жасалған гүлді мойнына тағып алса Дев Кумар лотостан жасалған гүлді, Дилип Хаджра тубероза дестелерін, Рамдайал Ядав қанық қызыл «әтеш айдарын», ал Сиканто Павани «бұршақ көбелек» гүлдерін ұстап тұр.

Атул Дубей сап-сары қырмызыгүлдерді көрсетіп тұр, Горилал Дасс күлгін гүлтәжілерін ұстап тұр. Мына қол-аяғы балғадай, денелі жігіттер суретке түсерде қатайып тұра қалады. Ал гүлдерді тасыған кездегі түрлері мүлде басқа. Басты табыс көзі гүл сату болғандықтан гүлдеріне асқан ыждаһатпен қарайды.

STOCK_Hermann_CF061099

Авторизация
*
*

Регистрация
*
*
*
Генерация пароля