Сіз көрмесеңіз де, естімесеңіз де, джунгли бәрін көріп тұр, бәрін естіп тұр… Оңтүстік-шығыс Азияның ыстық ну ормандарының таңсәрі елесі – пантерамен таныс болыңыздар! Мұндай жан түршігерлік атау оның әсерлі түсі мен қолға еш ұстатпайтындығымен түсіндіріледі.
Ғалымдардың айтуынша, пантера бұл үлкен мысықтардың өздігінен дамыған бөлек түрі емес, ол кәдімгі леопард не ягуар. Соңғы зерттеулер оның ДНҚ-сы, әзірге (кейін бөлек түрге айналып кетуі әбден мүмкін), көбіне Азия мен Африкада таралған леопардтарға келетінін көрсетіп отыр. Пантера меланиннің мол концетрациясы үшін боялатын қанық қара түсімен ғана ерекшеленетін болып шықты.
Орташа есеппен бұл жыртқыштың салмағы 40 келіге дейін жетеді. Алайда жүз келілік пантера туралы дерек те жоқ емес. Өзге мысықтарға қарағанда орман елесі суға түскенді ерекше ұнатады екен. Сондай-ақ ол көп уақытын ағашта емес (емін-еркін шыға алса да), жерде өткізетін болып шықты. Қара пантераның бірден-бір ерекшелігі өз иісін өзгерте алатындығында жатыр. Осы арқылы ол жемтігін оп-оңай алдай алады.
Фото: @shaazjung