..."/>
ТАБИҒАТ

Шұбайқызыл десе, Шұбайқызыл!

Еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жиі кездесетін «Грейг» қызғалдағын суретке түсіру үшін Алматыдан арнайылап жолға шыққан біздің шығармашылық топ Түркістан облысына барып-қайтуға шамамен 1300 шақырымды артқа тастады.

Биыл сәуір айында жауын-шашын мол болғандықтан жер-жерде көкорай шалғын шөппен бірген гүлдің де түр-түрі жайқалып өскен. Жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақ әсіресе Шұбайқызыл алқабын қызыл кілемге көмкеріп, жұпар иісі аңқыған жазиралы кең даланы одан сайын әсемдікке бөлей түскен. Осы сәтті тиімді пайдаланып қалуға тырысқан фотографтар гүлді әр қырынан түсіріп алып жатты.

Жер бетінде қызғалдақтың 120-дан астам түрі бар болса, олардың басым көпшілігі Шығыс Азия мен Оңтүстік Еуропа елдерінде кездеседі. Гүл өндірушілердің кейбірі ол гүлді тек сату үшін ғана өсірсе, қалғандары хош иісті парфюмериялық заттар жасауға пайдаланады екен. Ал біздің отандық мамандар бұл гүлдің «грейг» деген түрін бауыр ауруларына қарсы дәрі-дәрмек ретінде пайдалануға болатынын айтуда. «Грейгтің артықшылығы ол – 55 пайыз крахмал мен қанттан тұрады. Ал ондай сұйықтық ағзаға аса пайдалы», – дейді олар. Ал жалпы Түркістан облысы нақ осы гүлдің ордасы саналады.

Ал жалпы қазақ жерінде қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Қызғалдақ гүлдерін Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Кетпен (Ұзынқара) жотасы мен Шу атырабынан кездестіреміз. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында, аса қастерлі саналып,  жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын қызғалдақ сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынына қарағанда біз қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отырғандаймыз.

Суретті түсірген: Досжан Балабекұлы


Шұбайқызыл қыраты, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля