Көлемі мен реңі бойынша бұл тиінге тең келері жоқ.
Бұл түрлі-түсті кеміргішті әуесқой фотографтардың бірі алғаш рет Үндістанның оңтүстік ормандарынан байқаған екен. Ол түсірген суретті интернеттен көргендер таң қалумен болды. Алып тиінінің салмағы екі келі, ал құйрығының ұшынан тұмсығына дейінгі ұзындығы бір метрге дейін жетеді. Көлемі жағынан ол Еуропа мен Солтүстік Америкадағы тұқымдастарына қарағанда екі есе үлкен болып келеді. Солтүстіктегі титтей көршілеріне қарағанда өте икемді келетін табаны мен тобығының арқасында бұл «пілдер» бұтақтан бұтаққа алты метрге дейін секіріп, тропикалық ормандарда емін-еркін қоректенеді.
«Көлеңке мен сәуле мозайкасында өмір сүретін алыптың ерекше терісі теңдесі жоқ камуфляж қызметін атқарады», – дейді «Әлем тиіндері» кітабының авторы Джон Копровский. Ал эволюциялық биолог Дана Кремпелдің айтуынша: «Олар жыртқыштардың көзіне түсе қоймаса да, тиіндер бір-бірін алыстан байқайды».
Авторы: Джереми Берлин