Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Қазақстанда 150 мыңнан астам киік қырылғаннан кейін Saiga tatarica-ны 2019 жылдың аяғына дейін, яғни 5 жылға жуық уақыт атуға тыйым салынған еді. Ақбөкен санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды. «Заңмен шектеп қана қоймай, бұл бағытта әртүрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі мақсат – киік санын 500 мыңға жеткізу», – дейді Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Фото: Виктор Тхач