..."/>
ТАБИҒАТ

Сырдария сыры

01

Қай елді мекен болмасын оның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзен-көлдердің орны ерекше. Су – тіршілік көзі, аймақтың экологиясы, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына ықпал етуші негізгі фактор. Сондықтан болар әлемдік талап бойынша адамның өмір сүруіне қолайлы қалалар тізіміне ену үшін қаланың қақ ортасын жарып өтетін кемінде бір өзеннің болуы шарт. Міне, еліміздегі сондай өзендердің бірі – Сырдария.

02

Жалпы ұзындығы 2219 шақырымды құрайтын бұл өзен басын қар жиегінен жоғары орналасқан 3300-4400 метр биіктіктегі Тянь-Шань тау сілемдерінен алады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылқұм мен Арал Қарақұмының оңтүстігімен 1400 шақырым жерді басып өтіп, Арал теңізіне құяды. Суы көбіне гидрокарбанатты келетіндіктен еліміздегі ең лай өзендер қатарына жатқызылады.

03

Сырдария өзені Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан секілді төрт мемлекеттің территориясын басып өтетін жалғыз өзен.

04

Тарихи деректерге қарағанда, ертеде Сырдария бойына, ондағы тіршілікке қызыққан мемлекет басшылар, жаулаушылар, саяхатшылар мен ғалымдар бұл қарт өзенге түрліше атау берген. Ертеде гректер, қытайлар, парсылар мен еуропалықтар «яксарт», «сигун», «сейхун»,  «хужант» деп өз тілдеріне ыңғайлап айтып-жазған.

Фото: Ерболат Шадрахов

Авторизация
*
*



Регистрация
*
*
*
Генерация пароля